22 Апр 2025, Вт

admin

Канада маңында жүк кемесі өртенді

Канада мен АҚШ-тың арасында теңізде жүрген жүк кемесі өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақпарға қарағанда 52 тоннадай түрлі химикат алып бара жатқан су көлігінде бірнеше контейнер отқа оранған. Осыдан кейін кемеден 10 экипаж эвакуацияланып, 11 қызметкер қалған. Әзірге өрт толық сөндірілді ме жоқ па белгісіз. Қазір кеме мүйісте тұр. Экипаждың хабарына қарағанда кеме бұған дейін қатты толқынға тап болып, 40 контейнер теңізге құлап кеткен екен.

Францияда сары жейделілер қайта шеруге шықты

Пандемия кезінде аздап тыншыған еді, деп хабарлайды «Хабар 24». Енді кешеден бері елде наразылық шерулері қайта басталды. Жұрттың наразылығына бағаның өсуі түрткі болған. Еуропадағы энегретикалық дағдарыс француздарға да қатты тиіп тұр. Электр тарифі 14 процентке дейін өседі деген болжам бар. Жанармай да тіптен қымбаттап кетті. Бұрын соңды мұндай баға болмаған. Париж бекеттерінде 1 литр бензин 850 теңгеге дейін жеткен. Шерушілер үкімет бағаның өсуін тоқтатпайынша апта сайын шеру өткіземіз деп кіжініп отыр. Сары жейделілердің бас көтеруі осыдан үш жыл бұрын бензинге салықтың өсуі себепті пайда болған. БЛИЦ: – Біз 2018 жылдан бері әлеуметтік теңдікті талап етіп келеміз. Ұстанымымыз әлі өзгерген жоқ. – Сары күртешелілер толқуы кезінде бензин бағасының өсуінен туған еді. Қазір жағдай тіпті нашарлады. Өйткені жанармайдан бөлек электр энергиясы, газ және тұрмысқа аса қажетті тауардың барлығы қымбаттады. Сондықтан біз күресімізді жалғастыра береміз.

Ақтауда халықаралық логистикалық база салынады

Жыл аяғына дейін Ақтауда Еуразия өндірістік-логистикалық базасының құрылысын бастау жоспарланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Қытайдың Ляньюньган қаласында өткен арнайы конференция барысында белгілі болды. Қытай мен Каспий жағалауындағы мемлекеттер арасындағы мультимодельді жеткізу жүйесі Ляньюньган мен Ақтау айлақтарын байланыстырады. Қазақстандық айлақта логистикалық қызмет көрсетумен қатар, құрастыру, өңдеу кәспорындары салынып, шекаралық сауда жүреді. Жоба арасы сегіз мың шақырым Ақтау мен Ляньюньган айлақтарының артықшылықтарын үйлестіруге арналған. Тауарлар Қазақстан аумағы арқылы Каспий жағалауындағы елдер, Кавказ, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаға және кері бағытта Қытай мен Азия-Тынық мұхит аймағына тасымалданады. Қуаныш Амантай,  «Kazakh Invest «ҰК» АҚ Қытайдағы бас өкілі: – Жобаның басты мақсаты  – Каспий өңірі, Қытайдың шығыс бөлігі мен Шығыс Азия арасында жаңа сауда жолдары мен жаңа тауар айналымын құру. Осы жөнінде еуропалық және шығыс азиялық компаниялармен келіссөздер өтіп, олар осы бағдарға үлкен қызуғышылық танытты. Келесі жылдың соңында бұл жоба біртіндеп жүзеге асады. Қос айлақта қоймалар, өнім шығаратын және өңдейтін цех және халықаралық теміржол  терминалдарын салу жоспарланған. Жобаны халықаралық қаржылық даму институтары қаржыландыруға ниетті. Құрылтайшылардың айтуынша, бұл жобаның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Болашақта кәсіпорын өз жұмысының ауқымын кеңейтпек. Сунь Ванпин, «Ace Group» компаниясының президенті: – Болашақта осы жоба іске асқаннан кейін Қытай мен Еуропа арасындағы пойыздар Каспий теңізі арқылы өтуі үшін Ақтаудың қолайлы географиялық орнын пайдаланғымыз келеді. Бұл пойыздар Ляньюньганнан ғана емес, Қытайдың өзге қалаларынан да қатынайды. Ақтаудан теңіз арқылы Бакуге, ал одан Еуропаға жүреді. Бизнес өкілдерінің пікірінше, бұл Маңғыстау облысының экономикасына елеулі пайда әкеледі. Еуропаға қатынайтын пойыздар айлақтың өткізу қабілетін арттырумен қатар Қазақстанның транзит әлеуетін көтеріп, жаңа жұмыс орындарын құрады. Жобаның тек бірінші кезеңін іске асыру үшін жерлікті тұрғындар арасынан жүзге жуық маман тарту көзделіп отыр. Өзге жағынан бұл екі айлақ арасында байланыстарды бекітуге өз септігін тигізеді.

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Макондағы (Джорджия, АҚШ) турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. Жартылай финалда қазақстандық Зарина Дияс бразилиялық Беатрис Хаддад-Маяны екі сетте 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Финалда Дияс Мэдисон Бренглмен (АҚШ) кездеседі.

Су добынан Қазақстан құрамасы Ресей біріншілігінде жеңіске жетті

Су добынан Қазақстан құрамасы ерлер командалары арасындағы Ресей чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. Ресей чемпионаты аясында ерлер командалары арасында 6 кезең ойындары өтті. Додаданың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы екі ойын өткізді. Қазақстан құрамасы Синтез командасымен кездесті. Екеуара кездесудің екі ойыны да Қазақстан үшін сәтті аяқталды. Бірінші кездесуде ел құрамасы қарсыласты 20:9 ұпайымен жеңсе, екінші ойын 19:4 есебімен отандастарымыздың еншісіне шешілді.

500 тыс. тонн риса собрали кызылординские аграрии

Кызылординские аграрии собрали 500 тысяч тонн риса, сообщает корреспондент «Хабар 24». В этом году культурой было засеяно около 84 тысяч гектаров. В среднем с каждого фермеры собрали по 60 центнеров белого зерна. Аграрии отмечают, что из-за маловодья и засухи в текущем сезоне развернулась настоящая битва за урожай. Чтобы обеспечить посевы поливной водой, повсеместно очистили магистральные каналы, установили насосы большой мощности для повторного применения сброшенных вод. В хозяйствах внедрили методы капельного орошения. Благодаря предпринятым мерам урожай удалось собрать без потерь. Отметим, что цена на рис регулируется государством, и на сегодняшний день средняя стоимость составляет 222 тенге за килограмм. Рисовая крупа экспортируется в страны СНГ, а также в Монголию и Ирак. Талгат Дуйсебаев, руководитель областного Управления сельского хозяйства: — Посевы риса в текущем году были уменьшены на 6 тысяч гектаров. При этом вместо него мы увеличили на 9 тысяч гектаров посевные площади кормовых и овощебахчевых культур. В следующем году данные работы будут продолжены. Наряду с этим будут внедряться технологии капельного, дождевального орошения и будем увеличивать площади менее влагоемких культур.