Әлеуметтік қорғау саласындағы жаңашыл саясаттың нәтижесінде мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қолдау жылдан-жылға күшейіп келеді. «Бәріне бірдей мүмкіндік» қағидаты негізінде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін оңалту қызметтері мен техникалық құралдарға қолжетімділік артты. Ал Жетісай ауданында мұндай отбасыларға кешенді түрде көмек көрсету жолға қойылған.
Мақтаарал ауданы, Атакент кентінің тұрғыны Жаңабай Жақсыбайұлы бүгінде елге сыйлы, еңбекқор азаматтардың бірі. Ол өзінің тынымсыз тіршілігімен, маңдай терімен табысқа жетіп отырған көлік жөндеуші шебер. Былтыр аудандық мансап орталығы арқылы қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болып, өзінің жеке көлік жөндеу шеберханасын ашқан. Қазір шеберханасы табыс әкеліп қана қоймай, отбасын асырауға да толық жетіп отыр.
Қазіргі таңда мемлекетіміз мүгедектігі бар адамдарға жан-жақты қамқорлық көрсетуге ерекше мән беруде. Әлеуметтік төлемдер мен тегін медициналық-демалыс қызметтері арқылы мүгедектігі бар әрбір адамға өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасалып отыр. Бұл — мемлекет пен қоғамның осал топтарды қолдаудағы нақты үлгісі. Осындай қамқорлықтың арқасында әрбір адам өз құқығын толық пайдаланып, қоғам өміріне белсенді араласа алады.
Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар жандардың кәсіп бастауына мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Бұл ретте аудандық мансап орталығы арқылы ұсынылатын қайтарымсыз гранттар мен бағыт-бағдар беру қызметінің берері мол. Осындай мүмкіндікке ие болып, жеке кәсібін ашқан азаматтың бірі – Асылбек Ташимов. Асылбек Бектұрғанұлы – Мақтаарал ауданындағы іскер азаматтардың бірі. Ол аудандық мансап орталығының бағыттауымен кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтап, 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Бұл қаражатты ол өз бетінше нәпақа табуға бағыттап, дөңгелек жөндейтін қызмет орнын ашқан.
Мүгедектігі бар жандардың қоғамнан шет қалмай, өз кәсібін дөңгелетіп, табыс табуына бүгінде мемлекет тарапынан да, жергілікті билік тарапынан да қолдау артып келеді. Бұл бағытта Мақтаарал ауданында да бірқатар нәтижелі жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен мансап орталығы бірлесе отырып, нақты істер атқарып жүр.
Мүгедектігі бар жандардың өмірге деген құлшынысы мен еңбекке деген ерік-жігері – өзгелерге үлгі. Олардың тағдырға мойымай, қоғамға пайдасын тигізуге талпынысы – үлкен құрметке лайық. Жетісай ауданында да мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп, өз кәсібін ашуына жағдай жасалуда. Соның нақты бір мысалы – 1-топтағы мүгедек Жандос Қалдыбаев.
Жетісай ауданында мемлекеттен қолдау тапқан азаматтар кәсіпке бет бұрып, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосуда. Солардың бірі – мүгедектігі бар азамат Намиев Қуатбек. Ол өзінің ағасы Ратбек Намиевпен бірге құс шаруашылығын жолға қойып, бүгінде сұранысқа ие өнім өндіруде.
Еңбектенуге ниеті бар адамға мемлекет тарапынан мүмкіндік мол. Әсіресе өз кәсібін ашып, жұмысын дөңгелетемін деген жандарға қайтарымсыз грант – үлкен демеу. Жетісай ауданында осы қолдауды тиімді пайдаланып отырған азаматтардың бірі – Шыңғыс Барбол. Ол дәнекерлеу ісін жетік меңгеріп, бүгінде темір өңдеудің түрлі бағытында еңбек етіп жүр.
Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл топтағы азаматтардың қоғамнан шет қалмай, өз мамандығы бойынша еңбекке араласуы – аудандық мансап орталығы қызметкерлерінің басты назарында. Соңғы жылдары мемлекеттен берілетін түрлі әлеуметтік қолдаулар мен арнайы жұмыс орындарының арқасында мүмкіндігі шектеулі емес, мүгедектігі бар жандардың еңбекке араласу көрсеткіші біршама артқан. Соның жарқын бір мысалы – тігінші Махсуда Маматқұлова.
Жамбыл облысында маңызды оқиға орын алды. Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылдық округінде шыныны шындаумен айналысатын «JS CLASS» ЖШС-ның заманауи өндірістік зауытының салтанатты ашылуы өтті. Бұл – өңірдің өнеркәсіптік әлеуетінің қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін айтулы жоба. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басты факторлардың бірі.