27 Июн 2025, Пт

admin

ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына мониторинг жүргізуде. 2025 жылдың 5 айында экспорттық бақылаумен қамтылған көлік құралдарының жалпы саны 99 437 бірлікті құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 89 684 бірлік болған, яғни көлік құралдарының саны 9 753-ке артқан.

ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТУДА

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Жапониядан ресми делегацияны қабылдады. Делегация құрамында Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің  өкілдері мен ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші мамандар болды. Сапардың басты мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы білім, ғылым және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты нығайып тәжірибе алмасу және болашақ бірлескен жобаларды талқылау.

ТАРАЗДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ

Бүгін Таразда «Тәртіп алды еңбек, бала тәрбиесі міндет» атты маңызды форум өтті. Бұл іс-шара жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресуге және жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етуге бағытталды. Форум Жамбыл облысының басшылығы мен прокурорының жетекшілігімен ұйымдастырылды.

АУДАНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Жетісай ауданында бүгінде 6 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат бар. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – аудандық әкімдік пен тиісті бөлімдердің басты назарында. Осы орайда, Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮМІТ ОШАҒЫ

Қай заманда да қоғамның ізгілігі мен өркениеттілігінің өлшемі — оның әлсіздерге, қорғансыздарға, ерекше күтімді қажет ететін жандарға деген көзқарасымен бағаланған. Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі күннің үлкен әлеуметтік жауапкершілігін арқалап отырған орталықтардың бірі- «Үміт ұясы» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл-болашаққа сенім ұялататын, тағдырдың тосын сынына тап болған мүгедектігі бар балалардың үмітін өшірмей, керісінше жанын нұрға бөлеп, жүрегіне сенім отын үрлейтін ерекше мекен.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – ҚОҒАМДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Келес ауданында әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтар, жалғызбасты қарттар мен әлсіз топтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ – ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Жетісай ауданында орналасқан «Асыл Қазына және Тең Қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – мүгедектегі бар адамдар  мен егде жастағы азаматтарға арналған маңызды әлеуметтік нысан. Бұл орталықта әрбір келушінің өмір сапасын арттыруға, денсаулығын нығайтуға және рухани дамуына жағдай жасалады.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА КЕШЕНДІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Мүгедектігі бар балалар – қоғамның ажырамас бөлігі. Олардың құқығын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру, сапалы білім мен медициналық көмекке қол жеткізуіне, оңалту қызметтерін алуына және қоғамдық өмірге белсене араласуына жағдай жасау- мемлекет ұстанған әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі.

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі- өңірдегі әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің басты ұйытқысы. Мекеме бірнеше әлеуметтік қызмет орталықтары арқылы мүгедектігі бар азаматтарға күнделікті көмек көрсетеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында тұрғындар жаңа мамандыққа ие болып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

МАҚТААРАЛДА МҮЕГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету -Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басты міндеттерінің бірі. Қазір аудан бойынша ерекше қажеттілігі бар жандарға түрлі қызмет түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда, үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету, оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, жеке көмекшілер мен ым-ишара тілінің мамандарын тағайындау сияқты маңызды жұмыстар жолға қойылған.