16 Ноя 2026, Пн

2026

УБОРОЧНАЯ КАМПАНИЯ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ

В Жамбылской области в самом разгаре осенне- полевые работы! В этом году урожайность зерновых культур в регионе выросла почти в два раза по сравнению с прошлым годом и составляет 18,8 центнера с гектара. Кроме того, приоритет отдается заготовке кормов и перерабатывающей промышленности. Ход сельскохозяйственной кампании в регионе обсудили на аппаратном совещании под председательством акима области Ербола Карашукеева.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Таразда тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты басталды. Республикалық додаға еліміздің 11 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысуда.

ӘСКЕР ҚАТАРЫ ЖАС ОФИЦЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ибраев жоғары әскери оқу орындарын тәмамдап, өңірдегі әскери бөлімдерге қызметке келген жас лейтенанттармен кездесті. Олар енді еліміздің оңтүстік аймағындағы әскери бөлімдерде офицерлік қызметін бастайды.

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ТРЕНИНГ ӨТТІ

Таразда «ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ Online 2026 – Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг» форумы өтті. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Форумға құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым мүшелері мен сала мамандары қатысты.

ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ

Жамбыл облысында күзгі дала жұмыстары қызып тұр! Биыл өңірдегі дәнді дақылдардың өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артып, гектарына 18,8 центнерден айналуда. Бұдан бөлек, мал азығын дайындау мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріліп жатыр. Аймақтағы ауыл шаруашылығы науқанының барысы облыс әкімі Ербол Қарашукеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте пысықталды.

«Ауыл құтқарушылары» әні

Әні мен сөзін жазған — Қазақстандық композитор А. Әбдірахиев Орындайтындар: Өртке қарсы қызмет комитетінің қызметкерлері Д.Нұрмағанбетов, С.Досанұлы, А.Айтжанов, Еркін Қапбаров, Әділбек Жарылқасым, Дастан Тілектесов. @112kz_ Песня «Ауыл құтқарушылары», текст и музыка казахстанского композитора Абдрахиева А. в исполнении сотрудников КПС (Нурмаганбетов Д., Досанұлы С., Айтжанов А., Капбаров Еркін, Жарылкасым Адильбек, Тілектесов Дастан).

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Суицид — қоғамда ашық талқылауды қажет ететін күрделі әлеуметтік мәселе. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін. Психологиялық қиындыққа тап болған адамға дер кезінде қолдау көрсету, оны түсінуге тырысу және қажет жағдайда маман көмегіне жүгіну — алдын алудың маңызды жолдарының бірі.

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтті. Жиында ардагерлер ұйымдарының алдағы жұмысы, жастармен байланыс және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар бастауыш ардагерлер ұйымдарының рөлін арттыруға басымдық берілді.

ЖАСТАРҒА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КИНО КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан қаласында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Ашық аспан астында» кино көрсетілімі өтті. Шараны қалалық Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Кеш барысында жастарға қазақтың даңқты боксшысы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жолы туралы фильм көрсетілді.

ЖИТЕЛЯМ ОКАЗАНА ПРАВОВАЯ КОНСУЛЬТАЦИЯ

Обеспечение принципа «Закон и Порядок» — главная на сегодня  задача. Полицейские Жамбылской области провели выездную профилактическую встречу с жителями региона. Главная цель мероприятия — повышение прозрачности правоохранительных органов и оперативное реагирование на обращения граждан.