16 Ноя 2026, Пн

2026

ХОД ОРГАНИЗАЦИИ ВЫБОРОВ

В регионе завершается отработка вопросов подготовки к важному политическому событию. В центре внимания — ход избирательной кампании в регионе, техническая готовность участков и активность населения. О порядке проведения кампании и уровне ее организации расскажет моя коллега.

ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК ҰСЫНЫЛДЫ

Меркі ауданының білім бөлімі жас мамандарды қолдау және білім беру саласына талантты кадрларды тарту мақсатында бос жұмыс орындарына конкурс жариялады. Осыған орай «Жас педагог – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбымен ашық есік күні ұйымдастырылады.

САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ТАПСЫРУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Жамбыл облысында салық есептілігін тапсыру тәртібі өзгерді. Биылдан бастап кәсіпкерлер мен салық төлеушілер үшін есептілік нысандары қысқарып, қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшті. Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – әкімшілік жүктемені азайтып, салықтық рәсімдерді барынша жеңілдету.

ТАРИХИ ОРЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Тарихы терең Таразда ғасырлар қойнауынан жеткен табиғи мұралар аз емес. Солардың бірі – Жібек жолы ауданындағы ғасырға жуық тарихы бар бұлақ. Халық жадында сақталған осы су көзінің бүгінгі келбетін жаңғыртуға жастар атсалысты. «JAS QUAT – 2026» шарасы аясында «Бұлақ көрсең – көзін аш» акциясында жас буын тарихи орынның көзін ашып, оған жаңаша тыныс берді.

САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫ

Өңірде маңызды саяси шараның дайындығы пысықталуда. Аймақтағы сайлау науқанының барысы, учаскелердің техникалық әзірлігі мен тұрғындардың белсенділігі басты назарда. Науқанның өту тәртібі мен ұйымдастырылу деңгейі туралы әріптесім баяндайды.

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА

Түркістан қаласында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған түнгі рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері мен полиция мамандары қатысты. Негізгі мақсат – жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылау.

АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған орай Түркістан қаласында Абай күніне арналған салтанатты шара өтті. Жаңа қаладағы ақын ескерткіші орналасқан аллеяға жиналған жұртшылық Абай рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңір аумағында қазір 151 полигон белгіленген. Алайда олардың басым бөлігі санитарлық және экологиялық талаптарға толық сәйкес келмейді. Осыған байланысты полигондарды оңтайландыру, жаңаларын салу және қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АБАЙ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ БИІК ШЫҢЫ

10 тамыз – Абай күніне орай Түркістанда ұлы ақынның шығармашылығына арналған мәдени шара өтті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен кеште Абайдың әдеби мұрасы, тағылымды ойлары мен әндері кеңінен дәріптелді. Мәдени бағдарлама көрерменге ақынның рухани әлемін өнер арқылы танытуға бағытталды.

БИБЛИОТЕКА ДЛЯ ОСОБЕННЫХ ЧИТАТЕЛЕЙ

Книга — это не только источник знаний, но и духовный мост, связывающий человека с окружающим миром. А сделать её доступной для незрячего человека — задача, требующая огромного труда и поиска решений. Жамбылская областная специализированная  библиотека для незрячих и слабовидящих граждан уже более полувека служит людям с нарушениями зрения. Здесь у каждой книги свой особый путь к читателю.