«Закон и порядок» — главный залог общественной безопасности. В Жамбылской области работа по профилактике правонарушений среди несовершеннолетних вышла на новый уровень. Главное требование в регионе — не бороться с последствиями преступности, а предотвращать ее. В этих целях усилена работа ювенальной полиции и ужесточены меры безопасности в школах. Подробнее — в следующем видеоматериале.
До первых зимних заморозков остаются считанные недели, и главное испытание для коммунальщиков уже на пороге. Готовы ли котельные, теплосети и ТЭЦ к подаче тепла в дома таразцев? В регионе на подготовку бросили колоссальные 66 миллиардов тенге, а готовность ключевых объектов уже подбирается к сотне процентов. Наша съемочная группа выясняла, выдержат ли обновленные магистрали зимние нагрузки и когда ремонтные бригады окончательно свернут работы. Подробности — в сюжете.
Көне Түркістанның бай тарихы Таразда дәріптелуде. Шаһардағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығында «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрме ашылды. «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған экспозицияға бірнеше ғасырлық тарихы бар сирек жәдігерлер қойылған. Толығырақ алдағы сюжетте.
Ел болашағы — адал әрі белсенді жастардың қолында. Шаһардағы Достық үйінде өңірдегі жас этнос өкілдері мен белсенді жастардың қатысуымен маңызды кездесу өтті. Жиында адалдық құндылықтары дәріптеліп, заң үстемдігін сақтау мәселелері талқыланды. Толығырақ арна тілшісі Мадина Берденқұл баяндайды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғам қауіпсіздігінің басты кепілі. Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. Өңірдегі басты талап – қылмыстың салдарымен күресу емес, оны болдырмау. Осы мақсатта ювеналдық полицияның жұмысы күшейтіліп, мектептердегі қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Қыс түсуге санаулы апталар қалды. Демек, коммуналдық сала мамандары үшін ең жауапты кезең таяп келеді. Қысқы маусымға дайындық жұмыстары қандай? Қазандықтар мен жылу желілері қысқы жүктемеге төтеп бере ала ма? Бұл мақсатқа аймақта бұрын-соңды болмаған 66 миллиард теңге бөлінді. Қазір негізгі нысандардың дайындығы 100 пайызға жуықтаған. Өңірдегі жаңартылған магистральдар қыстың қаһарына шыдай ма? Жөндеу жұмыстары қашан толық аяқталады?
Түркістанда жаңа оқу жылын бастаған студенттер үшін «Жарқын болашаққа қадам» атты салтанатты кеш өтті. Жас буынның қуанышын бөлісуге келген қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан студенттерді құттықтап, ақ жол тіледі.
Адам капиталын дамыту – заман талабы. Бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті де бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде кәсіптік білім беретін оқу орындарының үлесі орасан. Солардың бірі де бірегейі – Түркістан қаласындағы жиырма жылға жуық тарихы бар «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі. Іргесі 2006 жылы қаланған бұл қара шаңырақ бүгінге дейін 2,5 мыңнан астам білікті маманды түлеп ұшырып, аймақ экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда білім ордасы заманауи бағыттармен қатар, медициналық мамандықтар бойынша да қолданбалы бакалавриат жүйесін енгізіп, сапалы білім берудің жаңа белесіне көтерілді. Толығырақ әріптесім баяндайды.
Бүгінгі таңда кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы ең басты талап – оқу мен өндірісті ұштастыру, яғни теорияны практикамен ұштастыра отырып, нақты жұмыс орнына дайын маман тәрбиелеу. Осы ретте Түркістан қаласындағы «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі дуальды оқыту жүйесін сәтті енгізіп, өңірдегі ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан. Бұдан бөлек, білім ордасы халықаралық деңгейде де танылып, Оңтүстік Кореяның беделді университетімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Тәжірибе мен ғылымды тоғыстырған оқу орнының сәтті қадамдары туралы келесі сюжетте.
Сонау өткен ғасырдың тереңінен тамыр тартып, мыңдаған шәкіртке қанат байлатқан киелі білім шаңырағы – Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі мерейлі 90 жылдық мерейтойын салтанатты түрде қарсы алып отыр. Тоғыз онжылдық бойы ұлт заманауи білікті мамандарды даярлап, кемелділіктің көкжиегінен көрінген бұл оқу ордасы – бүгінде аймақ экономикасы мен мәдениетінің басты қозғаушы күшіне айналған. Заман ағымына сай түлеп, ұлттық құндылық пен заманауи білімді ұштастырған қара шаңырақ мерейтойды толағай табыстармен, жаңа белестермен қарсы алуда.