2026
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ
Түркістан қаласында “Заң мен тәртіп” ұранымен бильярдтан ардагерлер арасындағы қала біріншілігі ұйымдастырылды. Дәстүрлі додаға 30-дан аса қатысушы жиналып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
ЗАМАНАУИ ЖҰПТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” заманауи жұптар байқауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өзара сыйластық пен үйлесімді насихаттау.Байқауға 7 жұп қатысып, түрлі бағытта бақ сынады.
«ЖАУ ЖҮРЕК МЫҢ БАЛА» ФИЛЬМІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ
Түркістан қалалық мәдениет үйінде мектеп оқушыларына арналған “Жау жүрек мың бала” көркем фильмінің кинокөрсетілімі өтті. Іс-шараның ашылуында қала әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, көрсетілімді ашты.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛДІ
Қала прокуратурасының ұйымдастыруымен «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
IUTH АРУЫ – 2026: СҰЛУЛЫҚ ПЕН САНАНЫҢ САЙЫСЫ
Өңірдегі Түркістан музыкалық драма театры сахнасында IUTH аруы – 2026 сұлулық байқауы өтті. Бұл кеште студенттер тек сәнімен емес, ақыл-парасаты, өнері мен сахна мәдениеті арқылы да өзара бақ сынады.
ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Балуан тас сапары» ғылыми-танымдық экспедициясының оңтүстік өңір бойынша қорытындыларына арналған кеңейтілген баспасөз конференциясы өтті.
«АЙБЫН – 2026»: ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ
Түркістан қаласында «Айбын – 2026» әскери-патриоттық сайысының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Сайыс №33 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды.
