ШЕКСІЗ ӨНЕР – ТЕҢ МҮМКІНДІК
Түркістанда 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шара барысында өнерпаздар түрлі өнерлерін көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістанда 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шара барысында өнерпаздар түрлі өнерлерін көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан өңірінде кітапхана ісі қарқынды дамып келеді. Бүгінде кітапханалар тек оқу орны емес, рухани әрі мәдени орталыққа айналды.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Фараб» кітапханасында «Рухқа тағзым, тарихқа тағылым» атты көрме өтті. Тағылымды шара өткеннің қасіретті беттерін еске салып, ұлт жадын жаңғыртуға арналды.
Бүгін Түркістанда «Senat Open III» ашық кубогының іріктеу кезеңі ұйымдастырылып отыр.Шахмат бәсекесі қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін сынға алады.Іріктеу кезеңі өңірдегі зияткерлік спорттың дамуын көрсетті.Толығырақ алдағы бейнесюжетте
Түркістанда балалықтың шаттығы мен өнердің шабыты үндесті. «Балтаңдай» фестивалі жас дарындардың жарқын болашағына жол ашқан ерекше алаңға айналды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Түркістан төрінде дәстүр мен тағылым үндесті. Ұлттық өнердің тамырына нәр беретін «Түркістан мақамдары» байқауы жас таланттарды бір сахнаға тоғыстырды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Түркістанда облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелері қаралып, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға құрмет көрсетілді.Саммиттің табысты өтуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен Алғыс хаттар табысталды.
Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Басқосуда ел руханияты, ұлттық әдебиет пен Түркістанның түркі әлеміндегі тарихи орны кеңінен сөз болды.
Өңір экономикасының дамуы – инвестиция тартумен тікелей байланысты. Осы бағытта Түркістан облысында ірі өндірістік жобалар қолға алынып, жаңа зауыттар ашу жоспарлануда.Инвестициялық штаб отырысында алдағы жылдарға арналған жобалар таныстырылып, олардың жүзеге асу барысы талқыланды.
Табиғатқа тәуелді тіршілікке енді технология көмектеспек. Түркістан төрінде жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасы салтанатты түрде іске қосылды. Бұл – тек ғылыми жаңалық емес, су тапшылығын сезініп отырған өңір үшін нақты шешімге бастайтын маңызды қадам.Толығырақ сюжеттен көріңіз