16 Ноя 2026, Пн

2026

БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

Тараз қаласында ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, батаның тәрбиелік мәнін насихаттауды көздеген «Батамен ел көгерер» атты батагөйлердің облыстық байқауы туын тікті. Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде бас қосқан ақсақалдар рухани қазынамызды ортаға салып, өзара бақ сынасты. Толығырақ бейнематериалда.

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кәсіби мереке қарсаңында Таразда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсетілді. «Talbesik» этноорталығында өткен салтанатты кездесуге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, журналист және блогерлермен сондай ақ сала ардагерлерімен жүздесті. Аймақ басшысы ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген қаламгерлерге алғыс айтып, бірқатарын ведомстволық наградалармен марапаттады.

ӘСКЕРИ СЕРТКЕ АДАЛДЫҚ

Өткен демалыс күндері Қазақстанның медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Тараз қаласында бұл күні ақ халатты әскери дәрігерлер де — Тараз гарнизоны әскери госпиталінің дәрігерлері, фельдшерлері мен медбикелері де ерекше құрметке бөленді. Олардың кейбіреулері үшін бұл мерейлі күн әлдеқашан отбасылық мерекеге айналған.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – БАРЛЫҚ БАЛАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК

Соңғы жылдары елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстар күшейіп келеді. Соның бірі – инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.Инклюзивті білім беру арқылы ерекше балалар жалпы білім беретін мектептерде өз құрдастарымен бірге білім алады. Бұл олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуына және өзіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

«КӘСІБИ МАМАН – 2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Таразда жұмысшы жастардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын дәстүрлі «Кәсіби маман – 2026» облыстық байқауы өтті. Биыл 19-шы рет ұйымдастырылған шараға аймақтың ең үздік жас мамандары жиналды. Толығырақ алдағы сюжетте.

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қордай ауданында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тұрғындармен кездесуі өтті. Басқосуда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар сөз болды.