28 Июл 2026, Вт

Июль 2026

БІЛІМ САЛАСЫ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Жібек жолы» ауданында «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының іске асырылу барысы бойынша маңызды бірлескен отырыс өтті. Басқосуға Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова арнайы қатысты. Аудан әкімдігі мен полиция бөлімі ұйымдастырған жиында қоғамдық тәртіпті нығайтумен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалда.

АТА ЗАҢ — ЕЛДІКТІҢ АРҚАУЫ, БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

«Достық» үйінде Конституция құндылықтарын насихаттауға арналған кездесу өтті. Басқосуға «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында Ата Заңның қоғамдағы орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту мәселелері сөз болды.

ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІСІ

Қазақстанның Қарулы Күштерінде жазғы оқу кезеңі аясында әскери бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің түрлі деңгейіне келтіру шаралары өтіп жатыр. Биылғы маусымның басты ерекшелігі – мерзімді қызметтегі сарбаздарды дайындаудың мүлдем жаңа тәсілі қолға алынды. Бұл бағдарлама жас жауынгер курсынан кейін бірден басталды.

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жиында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы қаралды. Жиынды ашқан өңір басшысы қатысушыларды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады.

САУДА САЛАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Дәулен Қабдушев сауда базарларын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, өнімсіз делдалдарды қысқарту және сауда заңнамасының сақталуы мәселесін талқылады.

СИГНАЛ «СБОР» КАК ПРОВЕРКА БОЕГОТОВНОСТИ

В Вооруженных Сил Казахстана продолжается летний период обучения. Эта неделя ознаменовалась для военнослужащих приведением воинских частей в различные степени боевой готовности. Но главное отличие этого учебного сезона – совершенно новый подход к подготовке солдат срочной службы, который стартовал сразу после курса молодого бойца.