Журналист – қоғамдағы маңызды мамандықтардың бірі. Оның жазған материалы мыңдаған адамның пікіріне әсер етіп, қоғамдық көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан журналист үшін кәсіби біліммен қатар этиканы сақтау да аса маңызды.
Журналистік этиканың негізі – шындыққа адал болу. Кез келген ақпарат жарияланбас бұрын тексерілуі керек. Бір ғана тараптың сөзіне сүйеніп қорытынды жасау немесе расталмаған мәліметті жариялау кәсіби талапқа сай келмейді.
Этика адамның жеке өміріне құрметпен қарауды да талап етеді. Кейде оқырман қызығушылығын арттыру үшін адамның жеке өміріне қатысты мәліметтер жарияланып жатады. Алайда мұндай әрекет қоғамның ақпарат алу құқығы мен адамның жеке өмірге қол сұқпау құқығының ара-жігін ажырата білуді қажет етеді.
Бүгінде әлеуметтік желіде кез келген адам ақпарат тарата алады. Бірақ журналисті өзгелерден ерекшелендіретін қасиет – жауапкершілік. Ол әр сөзінің салмағын сезінеді, ақпараттың салдарын ойлайды және қоғам алдындағы міндетін ұмытпайды.
Аудиторияның бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімі журналистің кәсібилігіне байланысты. Сондықтан этиканы сақтау – әр журналистің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі.
Тұтынушы үшін тауар туралы ақпараттың қолжетімді әрі түсінікті болуы маңызды. Ал сауда орындарында мемлекеттік тілдегі ақпарат пен баға белгілеу талаптары заңға сай орындалып жатыр ма? Алдағы бейнесюжетке зер салыңыз.
Түркістанда инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылып келеді. Бұл өңір экономикасын әртараптандырып, кәсіпкерліктің дамуына жаңа мүмкіндік ашуда. Ал бұл өзгерістердің халыққа әсері қандай? Тілшіміз тарқатады.
Заңның үстемдігі сақталған жерде ғана тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздік орнығады. Сондықтан құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта Бәйдібек ауданында құқықтық профилактика мәселелеріне арналған жедел кеңес ұйымдастырылды.
Экономиканың тұрақты дамуы – өңірдің әл-ауқатын арттыратын басты факторлардың бірі. Ол үшін ішкі өндірісті күшейтіп, дайын өнім көлемін көбейту және экспорттық әлеуетті арттыру маңызды. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Өңірде импортқа тәуелділікті төмендетіп, жаңа өндірістерді іске қосуға басымдық берілуде.
Білім – тек мамандыққа бастайтын жол емес, саналы азамат қалыптастыратын құндылық. Құқығын білетін, қауіпсіздікті сақтайтын және заңды құрметтейтін ұрпақ – елдің берік болашағының кепілі.Сондықтан білім беру жүйесіндегі әрбір жаңа бастама жас ұрпақтың жауапкершілігі мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Қоғаммен дұрыс байланыс орнату – бүгінгі маманға қойылатын басты талаптардың бірі. Әсіресе дін саласында қызмет ететін мамандар үшін сауатты сөйлеу, дәлелді пікір айту және халықпен сенімді қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие. Осы мақсатта өңірде кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған оқу тренингі ұйымдастырылды.
Жасанды интеллект дамыған сайын алаяқтықтың да жаңа түрлері көбейіп келеді. Соның бірі – адамның дауысын немесе бейнесін қолдан жасап, сенімге кіру. Deepfake технологиясы қаншалықты қауіпті? Тілшіміз тарқатады.
Электронды темекім мен энергетикалық сусындар жастар арасында сәнге айналғанымен, мамандар олардың денсаулыққа тигізер зияны аз емес екенін айтады. Неліктен жастар бұл әдеттен бас тартпайды? Тілшіміз анықтап көрді.
Баға – экономиканың негізгі индикаторларының бірі. Оның өзгерісі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс балансына, өндіріс шығындарына және жалпы экономикалық жағдайға тікелей байланысты.Соңғы кезеңде бірқатар тауарлар мен қызмет түрлерінде баға динамикасының өзгеруі тіркеліп отыр.Бұл үрдіс экономикалық циклдің қалыпты бөлігі ретінде қарастырылады. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.