15 Окт 2025, Ср

2025

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӨЛІККЕ ЗАҢСЫЗ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Республикалық «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 523-шақырымында полиция қызметкерлері «TOYOTA ALPHARD» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 31 жастағы жүргізушінің көлік құралына алысқа түсетін жарыққа арналған LED шамдарын орнатқаны анықталды. Жүргізушінің аталған құқық бұзушылықты жыл ішінде қайта жасауына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

ТАРАЗДА БАЗАР ДҮҢГІРШЕГІНЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Тараз қаласы Полиция басқармасының «102» арнасына 23 жастағы қала тұрғыны арызданды.  Арызданушының мәліметінше, белгісіз тұлғалар орталық базардың  аялдамасында орналасқан дүңгіршегінің есігін бұзып, қымбат бағалы тауарларын ұрлап кеткен.

САНАЛЫ ҒҰМЫРЫН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ АРНАҒАН ЖАНДАРҒА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Адам денсаулығы үшін адалдықпен қызмет етіп, саналы ғұмырын ізгі іске арнаған ақ халатты абзал жандардың еңбегіне ерекше құрмет көрсету орынды. Киелі Байзақ өңіріне тағдыры сабақтас, аудан жұртшылығының сүйіспеншілігіне бөленген дәрігерлер Орынбасар Қымызкенқызы мен Пердебай Ахметұлы  солардың бірі әрі бірегейі еді. Осы тұста Диқан ауылдық округінің Аймантөбе елді мекенінде орналасқан медициналық тіректің алдынан денсаулық сақтау ісі ардагерлерінің бейнелері басылып, еңбек жолына шолу жасалған тас тақтаның ашылу рәсімі болып өтті.

ЕЛІМІЗДЕ 175 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

2025 жылы елімізде 175 мың жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Бұл Үкіметтің биылғы негізгі жоспарының бірі. Жаңа баспана құрылысы халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып, баспана тапшылығын азайту мақсатында қолға алынып отыр. Биыл қандай ипотекалық бағдарламалар іске асады? Әріптесім тарқатып айтады

ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУДЫ ҚАЛАЙТЫНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТҚАН

Елімізде шекара асып, білім алуға ұмтылатын жастардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет басшысы Ана тілі газетіне берген сұхбатында шет мемлекетте тәжірибе жетілдіруді қалайтын түлектерді қолдайтынын жеткізген болатын.  Тек білімнің көкжиегін кеңейткен жас маман біліктілігін ел игілігіне жұмсаса құба- құп.

ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БАЛАЛАРҒА 5,32 МЛН ДОЛЛАР АУДАРЫЛДЫ

Көптің көңілін қуантқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасымен былтыр кәмелетке толған азаматтардың жинақтарды пайдалануы бойынша алғашқы қорытынды белгілі болды. Жобада қандай өзгерістер бар? Тілші материалында.

«ҚҰДАЙҒА ШОҚЫНУ» МЕРЕКЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Жыл сайын 19 қаңтарда православтық дін өкілдері «Құдайға шоқыну» мерекесін атап өтеді. Жаппай діни іс-шаралардың ішінде ашық ауада шұңқырларға немесе суға шомылу ұйымдастырылады.Бұл күні аталған іс-шара Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Қошқар Ата өзенінің басында өтеді.

ЧЕЛОВЕК ТРУДА — В ПРИОРИТЕТЕ!

Как отметил глава государства  нынче в стране в приоритете — Человек труда !  К числу рабочих профессий относится и работа портного. В Меркенском районе почетом и уважением   пользуется  предпринимательница  Надира Оспанбекова. Она  окончила Жамбылский технологический институт по специальности «швея». Затем 20 лет работал портным во Дворце школьников «Умит». Сейчас у нее собственное дело.  Подробнее  расскажет наш корреспондент.

ДОСТУПНОЕ МЕДИЦИНСКОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ – КАЖДОМУ!

В Послании народу Казахстана «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм» Глава государства Касым-Жомарт Токаев особо подчеркнул важность системы обязательного социального страхования. Тем не менее, несмотря на то, что многие слышали о данном проекте, не все четко представляют, какую пользу он может принести гражданам. Все подробности уже в следующем сюжете!