Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында шағын баспахана ашылып, аудандық газет шыға бастады. Ғасырға жуық уақыт өте келе оның даңқты ісін «Қордай ақпараттық-баспа компаниясы» ЖШС жалғастырып келеді. Осы ретте кәсіпорын тарихы тек ауданның емес, облыстың және бүкіл елдің дамуымен тығыз байланысты деп сеніммен айтуға болады.
Жұмысшы мамандықтар жылына орай № 36,12,53,32 мектеп оқушылары жаңа жамбыл фосфор зауытының жұмысымен танысты.Өңірдің дамуында стратегиялық мәні бар зауыттың жұмысымен танысуға мүмкіндік алған оқушылар жайлы толығырақ алдағы сюжетте
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны баршаға мәлім. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде жұмысшы мамандықтарына деген құрмет артып, олардың маңыздылығы айрықша насихатталуда. Мұның айқын дәлелі – екі мың жылдық тарихы бар Әулиеата өңірінің білімпаз студенттерінің газоблок өндірісімен айналысатын «Алаш Пром» зауытына жасаған арнайы экскурсиясы дәлел.
Қазақстан экономикасының дамуын сақтау үшін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы экономиканың өсіп келе жатқанын қуаттап, әлі де шешімін таппаған түйткілдер көп екенін жеткізді. Президенттің айтуынша, енді экономикаға инвестиция тарту аса маңызды. Бұл жайлы сарапшылар не дейді? Тілші материалы.
Еңбекші ауданының тұрғындары ауыз сумен 97 пайызға, ал көгілдір отынмен 92 пайызға қамтылған. Бұл қазіргі көрсеткіш. Әкімдік аудан халқының өмір сүру сапасын жақсартып, инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Меркі аудандық мәдениет үйіне қарасты «Халық» театрының ұйымдастыруымен белгілі драматург Қазыбек Аманжолдың «117-ші пәтер» атты шығармасына қойылым ұсынды. Меркі ауданындағы Халық театры — ауданның мәдени өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Театрдың қойылымдары әрқашан жергілікті халықтың дәстүрлері мен мәдениетін сақтап, жаңаша өркендеуіне үлес қосады. қойылым да солардың бірі болып, көрермендерге рухани азық беріп, эстетикалық тұрғыдан қанағаттандырды.
Қазақстанның Әуе қорғаныс күштерінің ұшқышсыз ұшу аппарат мамандарын даярлау және жауынгерлік қолдану орталығында арнайы курстық даярлық аяқталды. Осы оқу бағдарламасына Қарулы Күштердің өкілдерімен қатар, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан қызметкерлері де қатысып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару және олардың ұшуын ұйымдастыру бойынша қажетті білім мен дағдыларды менгенрді. Бұл бағдарлама еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқаратын ұшқышсыз ұшу аппараттарының тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Курсты сәтті аяқтаған мамандар енді өз салаларында жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын болады.
ҚР Президентінің «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» Жолдауын іске асыру мақсатында бүгін шаһарда «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тараз қаласы бойынша «Мансап орталық» филиалының ұйымдастыруымен жұмыссыздарға сапалы жұмыс орындарын ұйымдастыру жәрмеңкесі өтті.
Меркі ауданында ветеринария саласының мамандары мен шаруашылық жетекшілеріне арналған маңызды облыстық семинар өтті. Бұл шараның мақсаты — ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында кездесетін ветеринариялық мәселелерді талқылау, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, сондай-ақ ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қарапайым еңбек адамының қадірін ерекше атап өтті. «Ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз», – деген Президенттің сөздері еліміздің түкпір-түкпірінде еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға жаңа серпін беруде. Шу ауданындағы “Берік” шаруа қожалығы – соның жарқын үлгісі.