Аңдатпадан алдын айтқанымдай расында бүгін тарихи күн! Ақпарат кеңістігіне «77» телеарнасының тағы бір бөлімшесі қосылды. Арнамыздың тілшілері енді қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен ақпар таратады. Филиал — облыстың рухани-мәдени бағыттағы дамуы, әлеуметтік салалар жайында эфир әзірлеп, үздіксіз үдесріске дайын. Бүгін сыр өңіріне аттанған әріптесім Бақдаулет Ерланұлы не дейді екен? Толығырақ сюжетте!
Ақпарат кеңістігіне «77» телеарнасының тағы бір бөлімшесі қосылды.
Арнамыздың тілшілері енді қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен ақпар таратады. Филиал — облыстың рухани-мәдени бағыттағы дамуы, әлеуметтік салалар жайында эфир әзірлеп, үздіксіз үдеріске дайын.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жалғыз таулы-егерлік полкының құрылғанына 25 жыл толуына орай Жуалы ауданында ауқымды шара өтті. Аталмыш шараға полк командирлері мен ардагерлері шақырылып, бөлімнің тарихи мұрасы мен жауынгерлік даңқын ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде атап өтілді.
Жамбыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Керек кәсіп» атты мамандықтар бойынша шеберлік сағаты өтті. Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында өткен бұл іс-шара жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі өкілдері . Өңірлік комуникациялар алаңында ағымдағы жылға жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеуге мемлекеттік баж көлемі мен турист- автомобилистерге арналған жадынама тақырыбында БАҚ өкілдерімен кездесті. Толығырақ тілші материалында.
Елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру өзекті мәселе болып отыр. Мемлекет басшысы үнемі қарапайым еңбек адамдарын жоғары бағалап, оларды үлгі етіп көрсету қажеттігін және жастарды осы салаға тарту маңызды екенін атап өтеді. Осы орайда Меркі ауданында жұмысшы мамандықтарын меңгеруге бағытталған «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығы жұмыс істейді. Қазіргі таңда орталықта 22 түрлі үйірме бар, оған 1165 оқушы қатысып отыр.
Өз ісінің шебері – қоғам дамуының негізі. Білікті мамандардың көбеюі – ел сапасының көрсеткіші. Сондықтан жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру – уақыт талабы. Ақарал ауылының тұрғыны Жаннұр Жөкетай – осы талапқа сай еңбек етіп жүрген жас маман. Ол Меркі ауданында пластик өнімдерін өндірумен айналысады. Заманауи өндірістің бір бөлігіне айналған оның кәсібі экология мен экономикаға оң ықпал етуде. Жаннұр Жөкетай өз ісін экологиялық таза өнімдер мен тиімді технологияларды қолдану арқылы дамытып келеді. Ол үшін бұл кәсіп – жай ғана табыс көзі емес, өмірінің маңызды бір бөлігі ретінде санайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі ауыл шаруашылығының жай-күйіне және нақты көрінісіне толық көз жеткізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда.
Масштабное празднование 25-летия со дня образования единственного в Вооруженных Силах Казахстана горно-егерского полка состоялось в Жуалынском районе Жамбылской области. Торжественное мероприятие, на которое были приглашены командиры и ветераны части, стало символом преемственности поколений и боевой славы части.
Жамбылским районным отделом образования был организован мастер-класс по специальностям«Керек кәсіп»- « Нужная профессия» . Данное мероприятие, прошедшее в центре технического творчества и профориентации, было посвящено Году рабочих профессий. Подробнее в предстоящем сюжете.