24 Окт 2025, Пт

2025

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Е.ҚАРАШӨКЕЕВ «ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР- ҚОҒАМ ТІРЕГІ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін «Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі» атты жастар форумы өтті. Шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, өңірдің лауазымды тұлғалары мен белсенді жастары қатысты. Форум барысында жастардың қоғамдағы рөлі, олардың білім алуы, жұмысқа орналасуы және азаматтық белсенділігі сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Толығырақ алдағы сюжетте.

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨҢІРДІҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Ұлттық Экономика Вице-Министрі Бауыржан Құдайбергенов келді. Іс-сапар аясында Жамбыл облысындағы бизнес өкілдері мен қоғам қайраткерлері кездесті. Кездесуге 80-нен астам кәсіпкерлік қызмет субъектілері, соның ішінде түрлі салалардағы шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатысты. Кездесу барысында вице-министр реформа аясында Үкімет Қосымша Құн Салығын жанама салық ретінде қайтаруға ұмтылатынын атап өтті.

ЖЕРГІЛІКТІ НАРЫҚТАҒЫ КОНДИТЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздің еңбек нарығында жұмысшы мамандардың маңызын арттыруды мақсат етеді. Меркі ауданының Сарымолдаев ауылдық округінде осы бағытта үлкен еңбек сіңіріп жүрген жұмысшы маманның бірі — Дамира Баулыбаева. Ол тәтті торттар пісірумен айналысып, жергілікті тұрғындарға жоғары сапалы өнімдер ұсынады.

5 СӘУІРДЕН БАСТАП МОПЕДТЕР МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛЫНА ТЕҢЕСТІРІЛЕДІ

5 сәуірден бастап мопедтерге қатысты заңнамалық өзгерістер өз күшіне енеді. Ендігі екі аяқты арба, механикалық көлік құрылымен тең болмақ. Сондай-ақ, мопед тізгіндеу үшін A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігіңіз болуы керек. Осы орайда, Қызылорда қаласының полиция басқармасы тұрғындарға бірқатар ескерту жұмыстарын жүргізіп шықты.

ӨҢІРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Қызылорда облысы төңірегінде біріңғай өрт қауіпсіздік акциясы ұйымдастырылуда. Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері акция барысында білім беру ордадаларының ұстаздары мен оқушыларына өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізуде.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

 Жол инфрақұрылымы — ел экономикасының маңызды әрі күрделі саласы. Бүгінде Қызылорда қаласында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.

КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНА БЕРІЛЕТІН ДИЗЕЛЬ БАҒАСЫ АРЗАНДАЙДЫ

 

Нарық бағасынан 15 пайызға арзан! Шаруаларға дизель отыны осындай жеңілдікпен берілгелі тұр. Ал дизель отынын жеткізу мен өткізу жөніндегі операторларды анықтау үшін конкурстық рәсімдерді жүргізу тиіс. Әйтседе,  бұл жұмысты жалғыз Қызылорда облысынынан басқа бірде-бір әлі жүргізбеген. Энергетика министрі осылай дейді.

«АРАЛ-СЫРДАРИЯ» БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті. Жиында «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға осыған дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарған Зейнулла Қазтоғанов тағайындалды. Зейнулла Молдағалиұлы 1972 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998-1999 жылдары Су ресурстары комитеті «Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің инженері болып бастаған.  Кейін әр жылдары Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясында түрлі қызметте болған. Осы күнге дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Өңір басшысы Зейнулла Қазтоғановтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп,бірқатар міндеттерді айқындап берді.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Күні кеше Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесіп, 2024 жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.