24 Окт 2025, Пт

2025

ҰРЛАНҒАН ҚОЙ ӨЗ ИЕСІМЕН ҚАУЫШТЫ

 

Ауылдасым ауламда тұрған қойымды ұрлап әкетті! Әуілінде жүрген қойының қолды болғанын білген адам, бірден полицияға арызданған. Оқиға Арал ауданында болып отыр. Ал Қызылордалық полицейлер қой ұрлаған қарақшының қолына кісен салды! Күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде сол ауданның 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Автокөлігі айғақ ретінде алынды. Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған қой өз иесімен қайта қауышты. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сол себепті малды бақташымен пада арқылы белгіленген орындарда жайған дұрыс дейді жершілікті Полиция Департаменті.

СЫР ЕЛІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Сыр елінде «Адал еңбек – ел ырысы»  атты республикалық командалық айтыс өтті. Дәстүрлі өнерді насихаттауға Қызылорда және  Алматы облысының ақындары арнайы қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев,  Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мен зиялы қауым өкілдері төрден табылды.

СЕНБІ САЙЫН ӨТЕТІН АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ

 

Қызылордада сенбі сайын жәрмеңке өтіп тұрады. Нарықтан төмен бағадағы тауарлар, арзан бағадағы азық-түлікті тап осы жерден табасыз. Тіпті өткен аптаның соңында картоп өнімінің өзі 177 теңгеден сатылды. Қалтаға салмақ салмайтын, қалың көпшілік жиналған жәрмеңкеге әріптесім де барып көріп еді. Бақдаулет Ерланұлы баяндасын!

ШУЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР АУҒАН СОҒЫСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

1979 жылы кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жыл бойы соғыс жүргізді. Бұл соғысқа 22 000 қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 1015-і мүгедек болып, елге оралды. Ауған соғысының аяқталғанына 36 жыл толуына орай, Шулық ардагерлер соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алып, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Олар бір минуттық үнсіздік жариялап, майданда қаза тапқан бауырларын еске алды.

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН БІРДЕЙЛЕНДІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛМЕК

 

2025 жылы Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілмек. Ауданда осы тақырып төңірегінде жиында өткізілді. Бақсосуда Жамбыл облысы әкімдігі мен аудандық басқармалардың өкілдері сөз сөйледі. Ауыл ақсақалдары да жиынға қатысып, мал шаруашылығының дамуындағы маңызды мәселелерді көтеріп, тұрғындарға қолдау көрсету мен жұмысқа белсене қатысуға шақырды.