Көктемгі уақытта құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты өрт саны күрт өседі. Табиғи өрттерді болдырмау үшін 2 мобильді топ әр аптаның сәрсенбі, жұма күндерінде орман дала алқаптарына рейд жұмыстарын жүргізуде.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Рабат Сәкенұлы баяндады.
— Өрт оқиғаларының басым көпшілігі азаматтардың немқұрайлығынан, яғни далалық алқапта, жеке тұрғын үй аулаларында көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу және егін егу науқанына дайындау кезінде жиналған қоқысты немесе қураған шөпті өртеу, оны бақылаусыз қалдыру жағдайларынан туындауы мүмкін. Осы орайда, табиғи өрттерді болдырмау үшін қала тұрғындарын сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз,- деді басқармасы бастығының орынбасары Рабат Сәкенұлы.
Жалпы, Қызылорда қаласы аумағында 838 022 гектар орман қоры бар. Биыл осы орман дала алқаптарында орналасқан 41 шаруа қожалығына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпе парақшалары таратылды. Сонымен қатар, саяжайларда дауыс зорайтқыш құралы арқылы халықты орман дала өртінің қауіптілігі жөнінде құлақтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өртке қарсы 3300 шақырымға минералды жолақтар жүргізу жоспарланған.
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде жаңа энергетикалық қуат көздерін ұлғайту, батыс өңірінің желілерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу, оңтүстік өңір желілерінің қуатын күшейту, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайызы аяқталды.
Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Биыл 4 тоқсанда аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі. Жаңа орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге газ құбыры тартылды.
Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады. Аталған мегажобаны 2028 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.
Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 киловольттық жоғары қуатты электр желісі тартылады.
Аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар.Олардың тозу деңгейі 62% құрайды. Энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылды. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғыру қолға алынбақ.
«Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының 5 күні ішінде Жамбыл облысында 5 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді. Жамбыл облысы Полиция Департамент Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылығының 40 дерегін анықтады.
Соңғы уақытта Қордай ауылының инфрақұрылымын жаңарту жұмысына ерекше көңіл бөлініп келгеніне көпшілік куә. Ауылда қарапайым тұрғындардың қолайлығы үшін жасалған жаңа нысандар бой көтеріп, аудан орталығы жыл сайын көркейіп келеді. Қордайлықтардың ең сүйікті деген демалыс орны «Емен» саябағы жаңартылып, қолданысқа берілді.
Бүгінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларының қызметі мен ағымдағы жылға жоспарлары жайлы конференция өтті. Аталмыш тақырып бойынша Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Эльмира Абдинова толық ақпаратпен бөлісті. Ол Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханаларынның негізгі көрсеткіші және жұмыс жоспары жайлы жалпы қамтыды.
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өңірдегі экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алу және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шаралары мен атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. Баспасөз конференциясына БАҚ өкілдері қатысып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Басқосуға сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері қатысты. Күн тәртібінде көпұлтты ортадағы патриоттық тәрбиені нығайту мәселелері сөз болды.
За 5 дней ОПМ «Дәрмек» в Жамбылской области изъято из незаконного оборота более 5 килограммов различных наркотических средств. Сотрудниками Управления по противодействию наркопреступности ДП при координации прокуратуры Жамбылской области выявлено 40 фактов наркоправонарушений.
Кордай заметно преображается. В последние годы село активно развивается, создаются новые комфортные пространства, а центр района становится уютнее и современнее. Особое место среди этих изменений занимает любимый жителями Дубовый парк, который после масштабной реконструкции вновь открыл свои ворота.
Сегодня, на площадке Региональной службы коммуникаций Жамбылской области состоялась пресс-конференция, посвященная итогам работы Школы высшего спортивного мастерства за прошедший год и планам на 2025 год. В мероприятии приняли участие руководство школы и представители местных СМИ. Подробности смотрите в сюжете!