19 Окт 2025, Вс

2025

УЧИТЕЛЬ — СВЕТОЧ НАЦИИ

В Жамбылском районе торжественно отметили День учителя. На праздничном вечере «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» «Учитель — светоч нации» присутствовали аким района Ерлан Кыдыралыулы, представители общественного совета, председатель районного маслихата, руководитель районного отдела образования, ветераны, молодые специалисты и лучшие педагоги.

В ТАРАЗЕ ПРОШЛА СЕЛЬХОЗЯРМАРКА

В Таразе была организована масштабная ярмарка сельскохозяйственной продукции. На торговую площадку было доставлено около 85 тонн продукции, которая была предложена жителям по ценам на 10-15 процентов ниже рыночных.

ЗЕМЛЕТРЯСЕНИЕ НА ЮГЕ КАЗАХСТАНА

Минувшей ночью жителей южных регионов Казахстана разбудили подземные толчки. В 01:29 по времени Астаны сетью сейсмических станций ТОО «ННЦСНИ» МЧС РК было зафиксировано землетрясение. Эпицентр находился на территории Кыргызстана — в 465 километрах к юго-западу от Алматы, на глубине 10 километров.

ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

Жамбыл ауданында Ұстаздар күні салтанатты түрде атап өтілді. «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты мерекелік кешке аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, қоғамдық кеңес, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық білім бөлімінің басшысы, ардагерлер мен жас мамандар, үздік педагогтер қатысты.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ

Кеше түнде Қазақстанның оңтүстік аймақтарының тұрғындарын жер асты дүмпулері оятты. Астана уақытымен 01:29-да Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар Министрлігі «Ұлттық Ғылыми Сейсмикалық Байқау Орталығы» станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Қырғызстан аумағында – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

АНА МАХАББАТЫНАН ТУҒАН СӘН ҮЙІ

Қазақы болмысын сақтап, ұлттық өнерін ұрпаққа аманат еткен кәсіпкердің еңбегі қашанда құрметке лайық. Бүгін біз қазақтың қайталанбас өрнегін әлемге танытып жүрген сән ордасының табалдырығын аттадық. Бұл 2021 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан Айман Абди сән үйі.

Сән үйінің ішкі тынысын көрген жан бірден аңғарады – мұнда табыс үшін емес, жүрекпен жасалған еңбек басым. Айман қаржы есебін де өзі жүргізеді, есеп-қисапты жетік білген соң, шаруасы жүйелі. Ал жары мен балалары – оның сенімді серіктестері. Үлкен қызы мен ұлдары подиумда анасының қолынан шыққан киімдерді киіп шықса, тұңғышы Айдос қазірдің өзінде нағыз көмекшіге айналған. 13 жастағы жеткіншек мектептен соң тікелей шеберханаға асығып, кейде анасының орнын басып іс тындырады. Анасы еңбегін бағалап, оған жалақы төлеп, қаржылық сауаттылыққа баулып келеді.

Қызылордалық Айдос Мейрамбекты жас кәсіпкер деп атауға әбден болады. Жастайынан табыс табу жолын үйреніп, болашаққа нық қадам басуда.

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ

Жамбыл облысында ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Тараз қаласындағы Облыстық перинаталдық орталықта жүктілік кезіндегі асқынуларды ерте диагностикалауға және алдын алуға бағытталған жаңа жобалар енгізілуде. Медициналық көмектің жаңа моделі өзінің тиімділігін дәлелдеді және болашақ аналарға заманауи стандарттар бойынша сапалы қызмет алуға мүмкіндік беруде.