3 Июл 2025, Чт

2025

БИЫЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ КӨБЕЙЕДІ

1 қыркүйектен бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің стипендиясы көбейеді. Университет және колледж студенттері үшін шәкіртақы көлемі екі есеге артса, магистранттар мен докторанттарға да арнайы үстемақы тағайындалады. Салада орын алған өзгерістер жайлы әріптесім тарқатып айтады.

1 АҚПАННАН БАСТАП ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАМАҚ

1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Елімізде 36 энергия өндіруші ұйым электр энергиясының шекті тарифтерін түзету бойынша өтінім берген. Жаңа тарифтер жайлы талаптарды ескерген энергетика министрлігі шекті бағаны көтеру туралы бұйрық әзірледі. Тұрғындарды қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы әріптесім баяндасын.

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӘСКЕРИ КӨШБАСШЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ

Global Firepower 2025 жылға арналған елдердің әскери қуаттылығы бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азиядағы ең мықты әскери күш ретінде танылып, аймақтық көшбасшылықты тағы да растады.

РОБОТ СОТ ОРЫНДАУШЫ АЗАМАТТАРДЫҢ 50 МЛН ТЕҢГЕ ШЫҒЫНЫН ҮНЕМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Бүгінгі таңда сот орындаушылардың жұмысын робот атқарып жүр. Бұл жүйе елімізде өткен жылы енгізілді. Ал мамандардың айтуынша, робот арқылы жылына 5 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік бар.

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек алуға құқылы.Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен қандастарға беріледі. Аталмыш көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады

КАДР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

Қазіргі таңда көп сұранысқа ие болып тұрған мемлекеттік жұмыстардың бірі бұл — Ішкі істер органдарында қызмет ету! Полиция болып қызмет ету үшін қандай шарттар бар? Аталмыш мамандықтықтың қыр сырын баспаөз алаңында жауапты маман мәлім етті.

ШУ АУДАНЫНЫҢ ЖҰРТЫШЫЛЫҒЫ Д.ҚОНАЕВТЫҢ 113 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ГҮЛ ҚОЮ РӘСІМІН ӨТКІЗДІ

Шу ауданы Қонаев ауылында ұлы қайраткер, ғалым, академик Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл күн еліміздің тарихында маңызды атаулы күндердің біріне айналып, қоғам қайраткерінің ерен еңбегіне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды көрінеді.Толығырақ алдағы сюжеттЕ.

Д.ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 113 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ГҮЛ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ

Күні кеше ұлтының біртуар азаматы, қазақ халқының абыройлы перзенті, көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай екі мың жылдық тарихы бар шаһарда тағылымы терең гүл қою рәсімі өтті. Ұлтымыздың ұлы тұлғасына тағзым етуге облыс әкімі Е.Қарашөкеев пен өңірдің , зиялы қауым өкілдері жиналды. Толығырақ алдағы сюжетте.