Киелі Әулиеата өңірінде 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, бүгін «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының ресми ашылу салтанаты өтті. Ғасырлар бойы адамзаттың рухани азығы болған кітап оқуды насихаттауға бағытталған шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен белсенді жастар қатысты.Толығырақ алдағы сюжетте
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа теміржол желісі пайда болады. Жоба 2027 жылы жүзеге асады. Бұл екі елдің алыс-берісін арттырып, Сарыағаш – Ташкент бағытындағы станцияның жүк тасымалдау қуатын біраз жеңілдетпек.
Шымкентте жаңа жыл түні тыныш өтті. Полицияға 1000-нан астам қоңырау түскен. Полиция департаментіндегілер тәртіп сақшылары барлық шақыртуларға жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдағанын атап өтті.
Барлық отбасы қазір мерекелік дастарханға қоятын ас мәзірін әзірлеп, оған қажетті тағамдарды сатып алып жатыр. Әрине, әр отбасының ас мәзірі әртүрлі. Сүйікті тағамдары да талғамға қарай өзгеше.Ал осы дастархан мәзіріне жалпы қанша қаражат жұмсалады?Әріптесім біліп қайтты
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырады.
Меркі ауданында жыл сайынғы дәстүрлі әкім шыршасы биыл да жоғары деңгейде өтті. «Үміт» оқушылар сарайында «Жаңа жыл – Республика төрінде» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, балалар үшін қызықты концерттік бағдарламалар мен ойындар өткізілді.Толығырақ алдағы сюжетте
Жаңа жыл алдында Тараз гарнизонына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Султан Камалетдинов келді. Оның сапарының мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындық деңгейін мерекелік кезең жағдайында бағалау болды. Бас штаб бастығын сапар кезінде Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінің командирлері, Оңтүстік аймақтық қолбасшылығының әскерлері басшысы генерал-майор Ержан Ибраев бастап жүрді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы бағытта Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев салтанатты жиында облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.Бұл шара құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға және олардың жұмыс тиімділігін арттыруға жасалған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Жаңа көліктер полиция қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда үлкен қолдау болмақ.
Последние дни уходящего года традиционно становятся самыми оживленными для торговли. Жамбылцы активно готовятся к встрече Нового года, заполняя корзины в магазинах продуктами для праздничного стола. Полки супермаркетов ломятся от разнообразия товаров: от традиционных салатов до экзотических фруктов. Повара делятся своими секретными рецептами, а кондитеры предлагают праздничные торты на любой вкус.
Сотрудники Управления по противодействию наркопреступности ДП Жамбылской области каждый год проводят новогодние мероприятия в специальной школе для детей и подростков.