27 Авг 2025, Ср

Август 2025

«ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖЫРҒА ЖЫҒАДЫ»: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ФЕЙК АҚПАРАТ ТАРАТУЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгінгі цифрлық дәуірде ақпарат тарату ешқашан бұрынғыдай жеңіл әрі жедел болмаған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бір сәтте мыңдаған адамға түрлі хабарламалар тарата аламыз. Алайда, осындай еркіндікпен бірге үлкен жауапкершілік те жүктеледі. Әсіресе, фейк ақпарат — яғни жалған немесе тексерілмеген мәлімет тарату қоғамға елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл әсіресе кәмелетке толмағандар арасында жиі байқалып отыр.

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ

Отбасы – ұлттың ұйытқысы. Ұрпақ бойына ұлттық тәрбие, салт-дәстүр мен рухани байлық алдымен отбасынан дариды. Ұлт құндылығын ұлықтап, оны болашаққа аманаттау – әр отбасының қасиетті парызы. Рухани тамырымыздан ажырамай, отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген Тараздағы «Анаға тағзым» орталығы жайлы алдағы сюжетте.

БАҚ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢДАР: МИНИСТРДІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Таразда Жамбыл облысы нотариаттық палатасының ғимаратында «Әр азаматқа – заңды көмек» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылды. Іс-шара ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған медиажоспары аясында, бүкіл республика көлемінде өткізіді.

БАҚ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢДАР: МИНИСТРДІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Жамбыл өңіріне ҚР мәдениет және ақпарат министрі аида балаева жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр жергілікті халықпен кездесті және брифинг өткізіп, медиа саласындағы негізгі өзгерістер туралы айтып өтті. Толығырақ – сюжетте!

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА ҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАРАСТЫРЫЛҒАН?

Қазіргі цифрлық дәуірде интернет алаяқтық – ең өзекті қылмыстардың бірі. Алаяқтардың арбауына түсіп, мүлкінен айырылып қалған азаматтардың саны күн санап артуда. Осы жөнінде құзырлы орган өклідері нендей жұмыс атқаруда? Толығырақ арна тілшісі жалғасын.

КЕЛІСІМШАРТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ӨТУ – ЖАУАПТЫ ҚАДАМ

.Қазіргі таңда мемлекет елімізде әскери қызмет жастарға өз қабілеттерін көрсетуге және өмірде өз орнын табуға мүмкіндік береді. Жетісу облысынан әскерге шақырылған Кирилл Нещадим әскери қызмет кезінде дәнекерлеуші мамандығының армияда өте маңызды екенін түсінді. Осы тәжірибе оған алты ай ішінде келісімшарт бойынша қызметте қалуға шешім қабылдауға әсер етті. Толығырақ алдағы сюжетте.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛУДА

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысындағы жер ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды. Брифингте Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Бағдат Үсенғалиұлы сөз сөйлеп барлық сұрақтарға жауап берді.

«QAZAQ SODA» ЗАУЫТЫ: YILDIRIM HOLDING ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАБЫСТЫ ҮЛГІСІ

Жамбыл облысы Сарысу ауданында ел үшін стратегиялық маңызды кәсіпорын — «Qazaq Soda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл ауқымды жоба — Қазақстан өнеркәсібін дамытуға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісі болмақ.