7 Сен 2025, Вс

Июль 2025

АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Қазығұрт ауданында әлеуметтік қызметтерді үй жағдайында көрсету жүйесі жолға қойылған. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтарға, жалғызілікті қарияларға және ерекше күтімді қажет ететін жандарға кешенді қолдау ұсынып келеді.

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Жамбыл облысында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау болды.

ЖУРНАЛИСТЫ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЛИ «КУРС МОЛОДОГО БОЙЦА» НА ПОЛИГОНЕ «ТЕРИС-АЩЫБУЛАК»

В преддверии Дня работников средств массовой информации командование Регионального командования «Юг» устроило для жамбылских журналистов настоящий «День в армии». Представители местных СМИ погрузились в суровые армейские будни на полигоне «Терис-Ащыбулак» – единственного в Казахстане горно-егерского полка.

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҮЛГІСІ

Арнаулы әлеуметтік қызмет – бұл жай ғана көмек емес, бұл – қоғамның әлсіз мүшелеріне деген құрмет, қамқорлық пен адамгершіліктің көрінісі. Бұл жүйе арқылы мемлекет әрбір азаматын назарда ұстап, ешкімді жалғыз қалдырмайтынын дәлелдеп отыр. Кешенді жұмыс Қазығұрт ауданында да жалғасын тауып отыр.

АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ – ШЫНАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

Мемлекет тарапынан әлеуметтік әлсіз топтарға, әсіресе мүгедектігі бар азаматтарға көрсетіліп жатқан көмектің нақты әрі тиімді үлгілерінің бірі – Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары. Бұл мекемелердің басты мақсаты – көмекке мұқтаж азаматтарға тек материалдық емес, психологиялық, медициналық және тұрмыстық қолдау көрсету арқылы олардың өмір сапасын арттыру.

ЖҮРЕКПЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫЗМЕТ

Қоғамдағы әрбір адам – назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе көмекке мұқтаж, күтімді қажет ететін мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін жан-жақты қолдау – мемлекет саясатының маңызды бағыты. Қазығұрт ауданында бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылып келеді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – ЖАНҰЯҒА ДЕМЕУ

Баласының мүгедектігіне мойымай, өмірін соған арнаған аналар – төзім мен мейірімнің тірі мысалы. Олар күнделікті тіршілікте тек ана емес, дәрігер, күтуші, педагог, тіпті психолог рөлін қатар атқарады. Осындай жандардың бірі – Ордабасы ауданында тұратын Майра Әмір. Ол ұлының күтіміне бар уақытын арнап, мемлекеттен бөлінетін көмек пен жәрдемнің арқасында күн сайын үмітпен өмір сүріп келеді. Арнайы құрал-жабдықтар, ай сайынғы төлемдер, әлеуметтік көмек – бәрі осы отбасының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Ал бұл қолдаудың артында – Жұмыспен қамту бөлімінің жүйелі еңбегі тұр.

ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚ – СЕНІМ МЕКЕНІ

Ордабасы ауданындағы «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – мүгедектігі бар азаматтар үшін өмірді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін ерекше кеңістік. Бұл мекеме тек әлеуметтік көмек көрсетумен шектелмейді. Мұнда адамдар өз уақытын тиімді өткізіп, спортпен айналысып, шығармашылықпен шұғылданып, өзіне деген сенімін қайта қалыптастырады.