Жол қауіпсіздігі – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, балалар көп жүретін аулалардағы жылдамдықты шектеу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету – басты талап. Алайда, Тараз қаласы көшелерінің бірінде тұрғындар бір жылдан астам уақыт бойы жол белгілерінің жоқтығынан зардап шегіп келеді. Бұл мәселе бірнеше рет жол-көлік оқиғаларына себеп болып, халықтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіруде.
Жамбыл ауданына қарасты шағын ғана Жаңаөткел ауылында үлкен жаңалық. Ауыл тұрғындары алғаш рет орталықтандырылған таза ауызсуға қол жеткізіп отыр. Бұл жоба облыс прокуратурасының қолға алған заңсыз жолмен келген активтерді мемлекетке қайтару аясында жүзеге асты.
Меркі ауданында егін орағы қарқынды жүріп жатыр. Биыл жалпы көлемі 55 мың гектар жер егін орағына түсіп отыр. Оның ішінде 35 мың гектары арпаға, ал 25 гектары күздік бидайға тиесілі. Жергілікті шаруалар науқанға белсенді қатысып, әр күнді тиімді пайдаланып жатыр. Шаруашылықтар ауа райының әр сәтін пайдаланып, мол өнім жинап алуға тырысуда.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында Тараздағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Халық үшін маңызды бұл жұмыстар партияның сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылуда.
Қоғамда мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттың маңызды басымдығы. Мемлекет осы санаттағы жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік жасап келеді. Бұл бағытта Отырар аудандық Мансап орталығы тарапынан нақты әрі жүйелі шаралар қолға алынған. Сол қолдаудың нәтижесін сезінген жандардың бірі — Самат Шарап. Ол — мүгедектігі бар азамат. Өмірінің бір кезеңінде денсаулығына байланысты қиындыққа тап болып, тұрақты табыс көзінен айырылған. Біраз уақыт бойы жұмыссыз жүрген ол үмітін үзбей, өздігінен аудандық Мансап орталығына барып, жұмысқа орналасуға өтініш білдіреді.
Қазығұрт ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар назардан тыс қалмайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың арқасында мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары жан-жақты қолдауға ие болып отыр.
Ордабасы ауданындағы Мансап орталығы — өмірін қайта бастағысы келетін, өз ісін ашып, алға жылжуға ұмтылған жандар үшін нақты қолдау көрсететін мекеме. Сол қолдаудың шынайы нәтижесін Шалданбаева Гүлжамалдың кәсібінен анық байқауға болады.
Қазығұрт ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау – нақты тағдырлар арқылы айқындалып отыр. Соның жарқын мысалы – І топтағы мүгедектігіне қарамастан, балаларға ән үйретіп, мәдениетке үлес қосып жүрген Қазығұрт ауданының тұрғыны Рүстем Кенжеұлы. Ол — тек өнер иесі емес, өмірге деген жігердің символы.
Ордабасы ауданындағы Мансап орталығы – жаңа бастамалар мен жарқын идеялардың ордасы. Бұл орталық талай жанға бағыт-бағдар беріп, өз кәсібін ашуға мүмкіндік сыйлап келеді. Солардың бірі – массаж маманы Айнұр Жөргенбай.
Қазығұрт ауданында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі белсенді жұмыс істеп келеді. Жасы келген қариялар мен мүгедектігі бар азаматтарға арнайы қызметкерлер бекітіліп, үй жағдайында жан-жақты көмек көрсетілуде. Бұл — қоғамның әр мүшесі назардан тыс қалмай, қамқорлық аясында екенін көрсететін нақты мысал. Мамандардың міндеті – тек тұрмыстық көмек емес, шынайы жан жылуы мен адамгершілікке негізделген қолдау көрсету.