10 Сен 2025, Ср

Июль 2025

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінде «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрымова, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты.

ЖАСТАР – ЕЛ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР ПАРЛАМЕНТІ Сенатының Төрағасы өңірдің талантты және белсенді жастарымен кездесті. Диалогтың басты тақырыбы – Ел Президентінің тапсырмасымен жас ұрпақты қолдауға бағытталған ұлттық бағдарламалар мен заңнамалық бастамалары болды. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде жастардың елді жаңғырту процесіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА: ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, мәслихат депутаттарымен және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесулер өткізді. Негізгі назар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және өңірлік әлеуетті арттыруға бағытталған мәслихаттармен ынтымақтастықтың жаңа тәсілдеріне аударылды. Сапар барысында Сенат басшысы облыс аудандарын аралап, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен Тараздағы облыстық әлеуметтік оңалту орталығының жұмысымен танысты.

САЙРАМДАҒЫ САПАЛЫ ҚОЛДАУ

Сайрам ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау бір реттік көмектермен шектелмейді. Қазіргі таңда аудандық Мансап орталығы бұл санаттағы азаматтарды қоғамға бейімдеудің тиімді жолдарын ұсынып келеді. Жастар практикасы, қоғамдық жұмыс және арнайы жұмыс орындары – мүгедектігі бар жандардың еңбекке араласуына мүмкіндік беріп отырған нақты бағдарламалар. Бұл бастамалар тек табыс табу құралы емес, олардың өмірге деген сенімін қайта оятып, өз орнын табуына жол ашып отыр.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНҒАН ОТБАСЫ

Қайтарымсыз грант – мүгедектігі бар азаматтарға арналған тек қаржылай көмек емес, бұл – жаңа мүмкіндіктің кілті. Аталған мүмкіндікті Сайрам ауданының тұрғындары да пайдаға асырды. Қалдыкүл Ермекованың отбасы өңірдегі балық шаруашылығының дамуына септігін тигізіп, қайтарымсыз гранттың жемісін көріп отыр.

ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ҚОҒАМҒА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ЖАН

Сайрам ауданында мүгедектігі бар азаматтардың кәсіп бастауына, қоғамға бейімделуіне жағдай жасалып келеді. Қайтарымсыз грант иегері Феруза Адиева – осы қолдаудың нақты мысалы. Қолөнерді серік еткен сайрамдық тұрғын бүгінде кәсібін кеңейтуді мақсат етіп отыр.

ЕҢБЕККЕ ЖОЛ АШҚАН ҚОЛДАУ

Сайрам ауданында мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсетудің нақты үлгісі қалыптасқан. Аудандық Мансап орталығының бастамасымен бүгінде тұрғындар түрлі әлеуметтік бағдарлама аясында жұмысқа орналасып, қоғамға бейімделіп келеді. Бұл – мемлекет пен азаматтың арасындағы сенім мен жауапкершілікке құрылған жүйелі байланыстың жемісі.

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ

Сайрам ауданында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту арқылы әлеуметтік бейімдеудің тиімді үлгісі қалыптасқан. Қазіргі таңда мүгедектігі бар жандар тек мемлекет қамқорлығына арқа сүйемей, еңбекке араласып, қоғамға пайдалы болуға талпынуда. Солардың бірі – Ахрор Бекполатов. Ол «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүрегімен қабылдап, күнделікті тазалық жұмысына адал еңбекпен үлес қосып келеді.

ҚОЛӨНЕРДЕН – ҚОЛДАУҒА, ҚОЛДАУДАН – КӘСІПКЕ АЙНАЛҒАН ІС

Қазығұрт ауданындағы Мансап орталығының қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың бірі – Бекзат Сахов. Ол – үш жылдан бері ұлымен бірге пластик есік пен терезе жасаумен айналысып келе жатқан еңбекқор жан. Бастапқыда шағын идея, қарапайым ниетпен басталған бұл кәсіп бүгінде табыс көзіне, ал отбасы үшін тұрақты тірекке айналған.

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚОЛДАУ БАР – МҮМКІНДІК ТОЛЫ

Қазығұрт ауданында жұмыс іздеген азаматтарға жол көрсетіп, жаңа мүмкіндік сыйлайтын Мансап орталығының жұмысы жүйелі жалғасуда. Бұл мекеме тек кеңес берумен шектелмей, нақты нәтижеге бағытталған. Әсіресе, ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін мұнда шын мәніндегі жанашыр көзқарас қалыптасқан. Жұмыс табу қиынға соғатын топтарға жағдай жасап, бейімдеу арқылы қоғамға бейімдеу – орталықтың басты мұраты.