Сегодня состоялась XXVIII сессия Ассамблеи народа Казахстана Жамбылской области на тему «Единство страны — основа государства: главные основы стратегического курса региональной АНК. Заседание прошло под председательством акима Жамбылской области и председателя региональной АНК Ербола Карашукеева, собрав широкий круг участников для обсуждения ключевых аспектов стратегического развития Ассамблеи в регионе.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл ауданында «Бақытты балалық шақ» он күндігі өтуде. Бұл бастаманың басты мақсаты – балғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың жарқын болашағына жол ашу. Осы он күндік аясында бірнеше ауқымды шаралар жоспарланған. Соның бірі – аудандық емхана жанынан ашылған «Даму және ерте араласу» орталығы. Толығырақ алдағы сюжетте.
Бүгін Тараз қаласындағы «Самал» шипажайында Қазақстан омарташыларының форумы өтті. Шара кәсіби мереке — Малшылар күніне арналды. Бұл маңызды оқиға Еңбек мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылып, мал шаруашылығы, әсіресе омарта шаруашылығы саласының ел экономикасындағы рөлін айқындауға бағытталды.
Бүгін Таразда қалалық көлік жүйесі мен экологиялық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадамды білдіретін тарихи оқиға орын алды. Шаһарда Экологиялық таза электр такси жобасы іске қосылды. Жеке кәсіпкер «Югай ЮГ Такси» бастамасымен электр такси жобасының салтанатты түрде іске қосылуы «жасыл» технологияларды табысты енгізудің және қала тұрғындары үшін қызмет көрсету сапасын жақсартудың жарқын үлгісі болды. Айта кетейік, Салтанатты рәсімге Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бүгін Әулиеата ауданының тұрғындарымен кездесіп, мәселелеріне құлақ түрді. Толығырақ жиынға қатысып қайтқан әріптесім жалғасын.
Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір жаңа демалыс орны пайдалануға берілді. «Ұлы дала» шағынауданы мен «Бұрыл» алқабының арасын жалғап жатқан «Түйте» каналы абаттандырылып, жаңаша келбетке енді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев атқарылған жұмыстармен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Бүгін Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – мемлекеттің негізі: өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағытының басты негіздері» тақырыбындағы XXVIII сессиясы өтті. Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық етті. Сессия барысында өңірлік Ассамблеяның стратегиялық дамуының негізгі мәселелері талқыланып,алдағы жоспарлар сараланды.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтарға қолдау жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, жұмыссыз жүрген немесе табысын арттыруды көздеген тұрғындар үшін бұл – өз ісін бастауға берілетін үлкен мүмкіндік. Осындай игі бастаманың бірі-қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. Мұндай қолдауға Төлеби ауданының тұрғындары да ие болып, бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр.
Түлкібас ауданында мектеп түлектерінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан қайырымдылық дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Осыдан 20 жыл бұрын Түлкібастың білім ошағынан түлеп ұшқан азаматтар бас біріктіріп, әлеуметтік жағдайы төмен жас отбасыға аудан орталығынан кең әрі жайлы баспана тарту етті.
Түлкібас ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау жүйелі түрде кеңейіп келеді. Әлеуметтік салада осындай жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және қоғамға толық араласуына жағдай жасау басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл бағытта түрлі жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған.