24 Май 2025, Сб

Май 2025

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жамбыл ауданында қос мереке жоғары деңгейде аталып өтті. Аудан тұрғындардары  7 мамыр – Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиынның куәсі болды.  «Мақтанышым – Отаным» тақырыбындағы салтанатты іс-шарадан алдағы сюжетте.

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Меркі ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік жиын өтті. Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға тұрғындар, әскери қызметшілер мен құрметті қонақтар жиналды. Бұл – ерлік пен елдік рухты дәріптейтін айтулы күн. Жиын барысында ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздар мен әскери салада абыроймен еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.

ҚОРДАЙДА АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАП КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

«Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы» және «7 – мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында аудандық ардагерлер кеңесі ғимаратынан Ауған соғысы ардагерлері, Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері, сондай-ақ, Таулы-қарабақ қақтығысының ардагерлері мен Чернобыль оқиғасының қатысушыларына арналған кабинеттер ашылып, лента қию рәсімі өтті.

ЖЕҢІС КҮНІ – ЕРЛІК ПЕН АДАЛДЫҚТЫҢ, ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ СИМВОЛЫ

Қазақстан әскерлерінің барлық бөлімшелерімен бірге Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығын қарсы алуға дайындалып жатқан құрылымдардың бірі – Құрлық әскерлерінің құрамындағы ең ірі аумақтық бірлестіктердің бірі болып саналатын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы. Оңтүстік өңірдің әскери қызметшілері айтулы даталарды атап өтуге әскери жарыстардағы жоғары көрсеткіштерімен және оқу-жаттығулардың сапалы өткізілуімен өз үлестерін қосуда.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жамбыл облысында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Тараз гарнизонының әскери қызметшілері ардагерлер үшін ерекше, «үй» жанындағы парад ұйымдастырды. Бірнеше жыл бұрын, ардагерлерге орталық алаңдарға жету қиын болған кезде, Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы олардың үйлерінің жанында шағын парадтар өткізуді бастаған. Бүгінде Бұл дәстүр тұрақты түрде сақталып келеді.

ТАРАЗ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АСТАНАДА ӨТКЕН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ПАРАДТЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТАМАШАЛАДЫ

Тараз қаласы еліміздің астанасында өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты парадты тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік берілген алаңдардың бірі болды. Қала тұрғындары, қонақтар және жергілікті гарнизондардың әскери қызметшілері Тұрар Рысқұлов саябағында орналасқан амфитеатрда жиналды. Толығырақ алдағы сюжете.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ДЕЙІН АРТТЫ

Тараз қаласында жол жөндеу жобаларының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артты. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков айтты. Жол жөндеу жұмыстары халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға септігін тигізеді.

ТАРАЗДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа медициналық нысан Тараз қаласы Әулиеата ауданы Қызыл жұлдыз алқабында орналасқан.

ПРИМЕР ОТЦА-ФРОНТОВИКА

В эти дни, когда вся страна готовится встретить День защитника Отечества и 80-летие Победы в Великой Отечественной войне, среди тех, кто чтит память героев, есть и те, кто сам познал тяготы войны. Они не сражались на фронте, но знают цену мужества и потерь. Это воины, прошедшие войну в Афганистане. Среди них – генерал Алимжан Ерниязов.

В ЛИНЕЙНОМ ОВД ОТМЕТИЛИ ДЕНЬ ЗАЩИТНИКА РК И 80 – ЛЕТИЕ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ

В канун Дня защитника РК и 80 – летия Великой Победы  в линейном отделе  внутренних дел станции Жамбыл  прошло торжественное мероприятие. На праздник пригласили одного из ярких ветеранов и бывших сотрудников  Иван Макеева. Лучшие годы своей жизни он отдал служению Родине и благополучию его граждан.   Наш корреспондент продолжит тему.