Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев и правительственная комиссия во главе с вице-министром по чрезвычайным ситуациям Кегеном Турсынбаевым осмотрели пострадавшие жилые дома и социальные объекты в Рыскуловском и Меркенском районах.
Тараз қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз LED-шамдарын орнатқан «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші полицейлердің заңды талабына бағынбай, жүрісін жалғастырып, қашуға әрекеттенген. Жолда қауіпті маневрлер жасап, апатты жағдай туғызып, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Патрульдік экипаждар көлікті қоршағаннан кейін тәртіп бұзушы көлігін тастап қашуға тырысқан. Полицейлердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде жүргізуші алысқа ұзамай ұсталды.
Жамбыл облысында Қазақ киносының он күндігі салтанатты түрде ашылды. Кинематография мерекесінің шымылдығы Ұлттық кино орталығы түсірген «Жамбыл. Жаңа дәуір» атты туындымен түрілді. Қарағанды қаласынан бастау алған бұл мәдени шара енді он күн бойы жамбылдық көрермендерге қазақ киносының үздік туындыларын ұсынатын болмақ.Толығырақ алдағы сюжетте.
Жамбыл ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 түрлі іс-шара өткізу жоспары бекітілген. Осы орайда, жас ұрпаққа берер тәрбиелік маңызы зор жобаның шымылдығы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған конференциямен бастау алды.
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен кеңесте наурыз айының басында Шу қаласындағы ауруханада болған қайғылы оқиға талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы жүкті әйел, медициналық көрсетілім бойынша ауруханаға түскен. Ақпаратқа сәйкес, пациенттің ауруханаға түскен кезде жағдайы тұрақты болған, бірақ бірнеше күннен кейін жағдай күрт нашарлаған. Түнде әйел аурухананың дәретханасында ес-түссіз күйде табылған. Жедел түрде ота жасалғанымен, сәбиді құтқару мүмкін болмады. Екі аптадан кейін әйел есін жимаған күйі қайтыс болды.
Жамбыл облысында соңғы орын алған оқиға жер сілкінісі мәселесі бойынша ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған үкіметтік комиссия Т.Рысқұлов ауданындағы зардап шеккен тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Толығырақ тілші материалы.