22 Апр 2025, Вт

16 апреля, 2025

Қызылордада жоғалған малшылар 9 сағаттың ішінде табылды

https://www.instagram.com/reel/DIfvPLphG_U/?igsh=eTF6ZHdoZmJuNTZ1

 

🟦 Қызылорда облысының полицейлері жергілікті шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташыларын тапты. Таңертеңгі уақытта Жалағаш ауданының полиция бөліміне осыдан үш күн бұрын үш бақташының жоғалғандығы туралы хабар түседі.
Олар Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шыққан. Жайылымдық жерден уақытында оралмаған бақташыларды отбасы мүшелері өз күшімен іздеген. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінген.
Аталған дерек Жалағаш аудандық полиция бөліміне тіркеліп, адам жоғалу дерегі бойынша қажетті шаралар жүргізілді.
Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті. Полицейлер, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылып, жоғалған бақташыларды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық ауылдары, далалық жолдар түгел қамтылды.
9 сағатқа жалғасқан іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Бүгін сағат 16:00 шамасында бөлімнің учаскелік полиция инспекторы кенттен 160 шақырым жерде орналасқан Жалағаш ауданына қарасты Шақ-Шақ далалық жерден жоғалған бақташыларды аман тапты. Қырағылық танытқан сақшылардың жедел әрекеті арқасында жоғалған азаматтар дін аман табылып, отбасыларымен қауышты. Табылған малшылар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне риясыз алғыстарын білдірді.

ТАРАЗДА «ЖАС ОҚЫРМАНДАРДЫҢ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 

Таразда «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Жас оқырмандардың сырлы әлемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған шара  жылдың «Кітап оқу жылы» деп жариялануына орай өткізілді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАР ҮШІН ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІН АШТЫ

 

Тараз қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделген ерекше ертегілер кітаптарының тұсаукесері өтті. Алғаш рет әдеби туындылар бірден төрт форматта жарық көріп отыр. Жобаға бастамашы болған – зағип және әлсіз көретін азаматтарға арналған Жамбыл облыстық кітапханасы. Толығырақ келесі сюжеттің барысында білесіздер!

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АРДАГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС» ӘЛЕУМЕТТІК КЕРУЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

Бүгін ұлы жеңістің 80 жылдығына орай «ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуені ұйымдастырылды. «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының және облыс әкімдігінің бастамасы  ұрпаққа бейбіт аспанды сыйлау үшін орасан зор күш жұмсағандарға деген терең құрмет білдіру мақсатында салтанатты рәсім өткізді.

ӘДЕБИ-МӘДЕНИ «TEKTURMAS» ЖУРНАЛЫНЫҢ АРНАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

 

Ұлы ақынның атымен аталатын өңірде соңғы жылдары шығармашыл ортаға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Бұл игі іс биыл да «Әулиеата – оқырман өңір» жобасы аясында өз жалғасын табуда. Соның айқын дәлелі – облыс әкімінің бастамасымен және «Aulieata-media» медиахолдингінің қолдауымен жарық көрген республикалық жаңа «Tekturmas» журналының тұсаукесері болды.

Е.ҚАРАШӨКЕЕВ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ 27 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

 

Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен кездесті. «Баласагұн» орталық концерт залында өткен жиын барысында аталған бағыттардағы өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандары бірқатар маңызды ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.

ЖАМБЫЛСКАЯ БИБЛИОТЕКА ОТКРЫВАЕТ СКАЗОЧНЫЙ МИР ДЕТЯМ С ОСОБЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ

 

В Таразе состоялась презентация уникальных сказочных книг, адаптированных для детей с нарушением зрения. Впервые литературные произведения для юных читателей с особыми потребностями выпущены сразу в четырёх форматах. Инициатором проекта выступила Жамбылская областная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан. Подробности узнайте в следующем сюжете!

80 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ: ЖАМБЫЛСКАЯ ОБЛАСТЬ ЧЕСТВУЕТ ГЕРОЕВ АВТОКАРАВАНОМ ДОБРА

 

Сегодняшнее утро в Таразе ознаменовано особым событием. От священных стен парка Победы имени Бауыржана Момышулы дан старт трогательной и масштабной социальной автоакции «Тысяча благодарностей ветеранам». Инициатива Жамбылского областного филиала партии «AMANAT» и акимата области стала ярким проявлением глубочайшего уважения к поколению победителей, к тем, кто ценой невероятных усилий подарил нам мирное небо над головой.