В средней школе №16 имени Дмитрия Карбышева прошла городская спартакиада среди родителей школ города под названием «Наша сила — в единстве, наш дух — в национальных играх!». Это мероприятие, организованное ко Всемирному дню здоровья, было реализовано при поддержке отдела образования.
Сегодня в регионе дан старт чемпионату Жамбылской области среди молодежи по кокпару и тенге илу. Эти национальные игры, берущие свои корни в эпоху кочевников, являются особым видом спорта, отражающим дух и героическую сущность наших предков. Подробнее о мастерстве наездников – в следующем сюжете.
В Таразе прошел областной конкурс веселых и находчивых «Келешек Кап» (Кубок Будущего), наполненный смехом и остроумием. Эти творческие соревнования, целью которых является привитие подрастающему поколению духовных ценностей и чувства патриотизма, собрали 13 команд, которые состязались друг с другом, подарив зрителям отличное настроение. Атмосфера радостного вечера, где слились яркое творчество и энергия молодежи, освещена в следующем сюжете.
В Жамбылской области в рамках«Ерлік күні» «Дня Героизма», посвященного подвигу 17 казахстанских воинов, героически погибших при охране таджикско-афганской границы, состоялся ряд масштабных патриотических мероприятий. В этом году исполняется 30 лет этому историческому событию. В связи с этим прошли митинги памяти, церемонии возложения цветов, чествование ветеранов, показ документального фильма и концертная программа.
Сегодня под председательством акима Жамбылской области состоялось очередное аппаратное совещание. На повестке дня были рассмотрены вопросы о мерах профилактики Конго-Крымской геморрагической лихорадки в регионе и о ходе выполнения работ по в рамках акции «Таза Қазақстан». Подробности смотрите у нас в сюжете!
Күні кеше Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектебінде қала мектептерінің ата-аналары арасында «Күшіміз — бірлікте, рухымыз — ұлттық ойындарда!» атты қалалық спартакиада өтті. Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған бұл шара білім бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Бүгін Әулие ата өңірінде Көкпардан және теңге ілуден жастар арасында Жамбыл облысы чемпионатының жалауы желбіреді. Көшпенділер дәуірінен тамыр тартқан бұл ұлттық ойындар – ата-бабамыздың рухын, батырлық болмысын бейнелейтін ерекше спорт түрімен шабандоздардың шеберлігі жайлы толығырақ алдағы сюжетте.
Тараз төрінде күлкі мен тапқырлыққа толы келешек кап облыстық жайдарман сайысы өтті. Өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтар мен отансүйгіштік сезімді дарытуды мақсат еткен бұл өнер бәсекесінде 13 команда өзара сайысқа түсіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жастардың жарқын өнері мен жігері тоғысқан думанды кештің көрігі алдағы сюжетте тарқатылады.
Өңірде «Даңқ» залында Тәжік-Ауған шекарасын күзету кезінде ерлікпен қаза тапқан 17 қазақстандық жауынгерді еске алу мақсатында салтанатты жиын өтті. Биыл бұл тарихи оқиғаға 30 жыл толып отыр. Қаһармандарға арналған «Ерлік күні» аясында ұйымдастырылған шара: гүл шоқтарын қою, ардагерлерге құрмет көрсету және концерттік бағдарламаларды қамтыды.
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы алдын алу шаралары және «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Толығырақ келесі сюжетте.