25 Апр 2025, Пт

Февраль 2025

АВТОЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУ МАҢЫЗДЫ

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар» жылы. Ел экономикасының дамуы мен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы білікті мамандарға тікелей байланысты. Алайда, бүгінгі таңда автожол саласында кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ТАРАЗДА БАСТАУ АЛДЫ

Таразда Жамбыл облысының жастары арасындағы тоғызқұмалақ чемпионаты салтанатты түрде бастау алды. Облыстың барлық аудандарынан келген жас спортшылар ат салысқан бұл додада ойындар классика, рапид және блиц форматтарында өтті. Чемпионаттың ерекшелігі — бірнеше жас категориялары бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ чемпионат әр жастағы ұлдар мен қыздар арасынан мықтыларды анықтауға мүмкіндік берді. Жарыстың барысы мен нәтижелері туралы толық ақпаратты алдағы сюжетте көресіз.

ТАРАЗДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІНІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

Жамбыл облысында жол  қозғалысы ережелерін бұзған азаматша әкімшілік кодекстің 3-бабы бойынша  жауапкершілікке тартылды. Тараз қаласында белгіленген аумақты патрульдеу кезінде Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері таңғы сағат 6:00-де жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW маркалы автокөлігін тоқтатқан.

ӘСКЕРИ ЛОГИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Тараз қаласында қалпына келтіру пойызы платформасының баспалдақ көтеру-түсіргіш механизмі сынақтан өткізілді. Бұл шара Қазақстан Қарулы Күштері Тыл бастығы басқармасының Әскери байланыс бас басқармасы өкілдері мен «Қазақстан темір жолы» АҚ мамандарының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды. Сынақтың негізгі мақсаты – арнайы жабдықталмаған теміржол учаскелерінде әскери техниканы тиеу және түсіру механизмдерінің тиімділігін бағалау болып табылады.. Бұл жұмыстар әскери логистика жүйесін жетілдіруге және төтенше жағдайларда техниканы жедел тасымалдау мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

ТАРАЗДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Абай мұрасы: Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның философиялық ойларындағы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты көрсету болып табылады. Шара барысында студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат алып, оның ой-тұжырымдарының қазіргі кезеңде де өзектілігін түсінді. Мерейтойға арналған бұл маңызды шара Абайдың мұраларын жас ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Е.ҚАРАШӨКЕЕВ ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАЗУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Осыдан 90 жыл бұрын Қазақстан Жазушылар Одағы құрылды. Ал бүгінде аталмыш одақ 1015 мүшесі бар еліміздегі ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі саналады. Күні кеше облыс әкімдігінде Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған басқосу өтті

В ТАРАЗЕ СТАРТОВАЛ ОБЛАСТНОЙ ЧЕМПИОНАТ ПО ТОГЫЗКУМАЛАК

В Таразе состоялось торжественное открытие Чемпионата Жамбылской области по тогызкумалак среди молодежи .  Участие в нем принимают  спортсмены со всех районов Жамбылской области. Соревнования пройдут в категориях классика, рапид и блиц. Примечательно,  что чемпионат будет проходить в нескольких возрастных категориях, что позволит выявить сильнейших игроков среди юношей и девушек разных возрастов. Подробности о ходе мероприятия смотрите в предстоящем сюжете!

ЗЛОСТНУЮ НАРУШИТЕЛЬНИЦУ ПДД ПРИВЛЕКЛИ К ОТВЕТСТВЕННОСТИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ В ТАРАЗЕ

 

Сразу по 3 статьям административного кодекса привлечена к ответственности нарушительница ПДД в Жамбылской области. В Таразе при патрулировании территории в 6:00 часов утра сотрудники батальона патрульной полиции УП г.Тараза остановили машину марки BMW за грубое нарушение правил дорожного движения.