Шымкент қаласында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай “Мархабат” журналы мен Мархабат.кз ақпараттық порталының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен зиялы қауым өкілдері мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артты. Атап айтқанда, бала күтіміне байланысты төлемдер 6,5, ал зейнетақы мөлшері 8,5 пайызға өсті. Мамандар бұл реформалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Елімізде 36 энергия өндіруші ұйым электр энергиясының шекті тарифтерін түзету бойынша өтінім берген. Жаңа тарифтер жайлы талаптарды ескерген энергетика министрлігі шекті бағаны көтеру туралы бұйрық әзірледі. Тұрғындарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
1 қыркүйектен бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің стипендиясы көбейеді. Университет және колледж студенттері үшін шәкіртақы көлемі екі есеге артса, магистранттар мен докторанттарға да арнайы үстемақы тағайындалады.
Global Firepower 2025 жылға арналған елдердің әскери қуаттылығы бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азиядағы ең мықты әскери күш ретінде танылып, аймақтық көшбасшылықты тағы да растады.
Аңдатпадан алдын айтқанымдай расында бүгін тарихи күн! Ақпарат кеңістігіне «77» телеарнасының тағы бір бөлімшесі қосылды. Арнамыздың тілшілері енді қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен ақпар таратады. Филиал — облыстың рухани-мәдени бағыттағы дамуы, әлеуметтік салалар жайында эфир әзірлеп, үздіксіз үдесріске дайын. Бүгін сыр өңіріне аттанған әріптесім Бақдаулет Ерланұлы не дейді екен? Толығырақ сюжетте!
Ақпарат кеңістігіне «77» телеарнасының тағы бір бөлімшесі қосылды.
Арнамыздың тілшілері енді қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен ақпар таратады. Филиал — облыстың рухани-мәдени бағыттағы дамуы, әлеуметтік салалар жайында эфир әзірлеп, үздіксіз үдеріске дайын.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жалғыз таулы-егерлік полкының құрылғанына 25 жыл толуына орай Жуалы ауданында ауқымды шара өтті. Аталмыш шараға полк командирлері мен ардагерлері шақырылып, бөлімнің тарихи мұрасы мен жауынгерлік даңқын ұрпақтар сабақтастығының символы ретінде атап өтілді.
Жамбыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Керек кәсіп» атты мамандықтар бойынша шеберлік сағаты өтті. Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында өткен бұл іс-шара жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Толығырақ алдағы сюжетте.