Февраль 2025
АУҒАН СОҒЫСЫ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен толық шығарылғанына биыл 36 жыл толды. Осыған орай Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында патриоттық кеш өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері, жоғары оқу орындарының студенттері және 35748 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ САЛЫҚ КӨБЕЙЕДІ
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнес өкілдері Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновпен кездесті. Жиында салық саясатына енгізілетін өзгерістер мен қосымша құн салығының мөлшерлемесін арттыру мәселесі қарастырылды.
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ АЗАЙДЫ
Шымкентте туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, мамандар аурудың алдын алу шараларын ұмытпау керектігін ескертеді. Өңірде туберкулезге шалдыққан науқастар арнайы мекемелерде ем қабылдап жатыр.
ШЫМКЕНТТЕН БУДАПЕШТКЕ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ
Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі. Екі елдің Сыртқы істер министрлері ресми кездесуде Шымкенттен Будапештке тікелей әуе рейсін ашу жөнінде келісімге келді. Бұл бағыттың іске қосылуы екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға серпін бермек.