Тараз қаласы көшелерінің бірінде маршруттық автобус жүргізушісінің күмәнді әрекеті патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аудартты. Тексеру кезінде 47 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі шығып тұрды. Полицейлер оның мас күйінде болуы мүмкін деп күдіктеніп, медициналық сараптамаға жіберді. Медициналық тексеру автобус жүргізушісінің орташа деңгейде мас күйінде болғанын растады.
19 қаңтарда Қазақстан армиясының тәрбие құрылымдарының офицерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Бұл күні, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбие құрылымдары институтын құру туралы Президенттің Жарлығына қол қойылды. «Оңтүстік»өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің офицер-тәрбиешілері әріптестерімен бірге кез келген сын-тегеуріндерге дайын күшті және ұйымшыл армияны құруға баға жетпес үлес қосуда.
«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Өздерінізге белгілі Жамбыл облысы да 2025 жыл «Әулиеата – кітап оқитын өңір» деп жарияланған болатын.
Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық есебі бойыншы көшпелі кеңес отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде ауданда атқарылған жұмыстар мен жетістіктер талқыланды. Бұл іс-шараға арнайы Жамбыл облысының білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, ұстаздар қауымы қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен жетістіктер туралы ақпарат алмасып, болашақтағы жоспарлармен танысты. Сонымен қатар аудандағы № 9 ,44,39,1 жалпы орта білім беретін мектептері сондай-ақ «Өркен» шығармашылық мектебі , «Үміт» оқушылар сарайы 2024 жыл аясында іске асырылған жобалар мен бірқатар жетістіктері жайлы ұсынды.
Жамбыл облысының кәсіпкерлері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» өңірлік кеңесіне сайлауға белсене қатысуда. Атап айтқанда, Туризм, сауда және қызмет көрсету саласындағы кеңесте дауыс беру аяқталды. Сайланған делегаттар өз әріптестерінің мүдделерін қорғап, саладағы өзекті мәселелерді шешу бағытында жұмыс атқаратын болады
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиында күн тәртібіндегі басты мәселе – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзекті жайттар талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар жайлы толығырақ алдағы сюжетте
Ғылымның алға жылжуы арқылы өнертабыстар көші де өрге шыға бермек. Енді зағип жандар арнайы құрылғының көмегімен қауіп-қатерді бағдарлай алады. Жүйе кездесетін кедергілерді бірнеше қашықтықтан байқап, дереу дабыл қағады. Бұл Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын оқушының жетістігі.
Қазіргі таңда құмар ойынының шырмауына түскен адамдар көп. Қалтасындағы қаражатын қиып беріп, соңында сан соғып жүргендер де жетерлік. Ал лудоманияға тап болудың себептері қандай? Оның алдын алу жолдары бар ма? Сюжет көріңіз.
Профилактические мероприятия по пожарной безопасности в Таразе продолжаются .В связи с отопительным сезоном Управление по чрезвычайным ситуациям города Департамента провело масштабное профилактическое мероприятие среди населения, организовав разъяснительную работу среди жителей областного центра на темы пожарной безопасности и предотвращения случаев отравления угарным газом.
В Таразе состоялось командно-штабное мобилизационное учение с управлением командующего войсками Регионального командования «Юг». Учение прошло под руководством начальника главного штаба Сухопутных войск Казахстана генерал-майора Куанышбека Уштаева. Впервые к проведению такого учения были привлечены местные исполнительные органы: представители акиматов Жамбылской, Кызылординской, Туркестанской областей, а также городов Астана и Шымкент. За ходом учения наблюдал начальник Генерального штаба Вооруженных Сил Казахстана генерал-лейтенант Султан Камалетдинов.