В центральной библиотеке имени Абая в честь 85-летия Жамбылской области и Дня города и в целях повышения творческого потенциала читателей библиотеки, а также формирования интереса к поэзии прошел вечер на тему «Тарих тәңгір жЫр шаһар». Подробнее в предстоящем видео.
5-қазан ұлағатты ұстаздар мерекесі. Осыған орай ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педогогика ғылымдарының докторы Махметғали Сарыбековпен студенттер арасында кездесу өтті
Өңірде ұстаздан күні бар сән салтанатымен аталып өтті. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өз кезегінде мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Мерекелік жиын білім саласындағы жетістіктер туралы бейнеролик пен А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің қойылымымен ашылды. Бұдан соң Ербол Қарашөкеев облыс педагогтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының көркем өнерпаздар ұжымы қарттар күніне орай Тараз қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында концерт өткізді. Қарттар тұратын үйге әскери оркестрдің музыканттары ардагерлерді жанды музыкамен қуантуға келді.
Халқымызда «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген дана сөз бар. Осы ұлағатты сөзді басшылыққа алған Шу ауданының әкімдігі қарияларға ерекше құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орнын тағы бір мәрте айшықтады. Аудан басшылығы алдыңғы буын өкілдеріне деген ықыласын іс жүзінде білдіріп, арнайы ұйымдастырылған шара барысында еңбек ардагерлерін марапаттады.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Күні кеше Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Күзгі әуен» атты классикалық өнер кеші өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған бұл кешке елдің мәдениет қайраткерлері мен опера жұлдыздары қатысып, ерекше музыкалық мерекеге ұласты.
Дін саласы күні бүгінге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес. Бүгінде әлем елдерінде дін мен оның құндылықтарының халық пен қоғам өміріндегі орнының маңызы артып отырғанын көріп отырмыз. Алайда дін саласының төнірегінде халықтың санасын сан жаққа жүгіртетін сауалдар да жоқ деп айта алмаймыз. Елде діни ахуал тұрақты деп жатады. Ал біздің Жамбыл өңірінде ше? Ахуал тұрақты ма? Бұл жөнінде қараша не дейді? Әріптесім Бағжан Шамшиева тарқатады.
5 қазан күні Қазақстанда Мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық педагогтар үшін кәсіби мереке. Мұғалім – бұл тек мамандық емес, сонымен қатар, оларға берілген міндет. Олар күн сайын оқушыларына білім беріп өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісетін жандар.
Елімізде Дүниежүзілік жүрек күні аталып өтті. Осыған орай қаладағы Белсенді ұзақ өмір орталығында Дүниежүзілік жүрек күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада қатысушыларға қандай кеңестер айтылды? Тілші тарқатсын.
2013 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісі Мемлекет басшысының жарлығымен «Еңбек күні» атап өтіліп келеді. Мерекеге орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағында іс – шара болды. Толығырақ келесі бейнематериалда.