20 Июн 2025, Пт

2024

НОҒАЙБАЙ БИДІҢ ТУҒАНЫНА 190 ЖЫЛ

Ноғайбай Дәулетбайұлы – қазақ халқының тарихында ерекше орын алған би, шешен әрі батыр. Ол қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келіп, өмірінің соңына дейін туған жерінің саяси және қоғамдық өмірінде белсенді рөл атқарған азамат.

«ЗНАМЯ ТРУДА» ГАЗЕТІНЕ 105 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ БАСҚОСУ ӨТТІ

Бүгін ғасырдан аса уақыт бойы жарық көрген «Знамя труда» газетінің 105 жылдығына орай салтанатты басқосу өтті. Бұл шараға өңірдің ардагер журналистері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері және баспасөз саласының  өкілдері қатысты.Өткеніменен бүгінгі күннің куәсіне айналған газеттің мерейлі кеші қалай өтті ? Толырақ әріптесім Фархат Қаумен тарқатсын.

«КЕЛ, ДОС БОЛАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ТРЕНИНГТЕР ӨТТІ

«Кел, дос болайық» акциясы аясында Жамбыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «ДосболLIKE» тақырыбында тренингтік ойын өтті. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бастау алған іс-шара ауданда тимбилдинг форматында ұйымдастырылды.

ӨҢІРДІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА АТАЛЫП ӨТТІ

«Мәдениет – асыл қазынам». Иә, дәл осындай атаумен Талас ауданында өңірдің 85 ж орай іс-шара өтті. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысты. Сән-салтанаты жарасқан өлкенің өнер кешінде ән әуелеп, күй күмбірледі. Толығырақ тілші материалы.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ-МЕМЛЕКЕТТІК КҮН

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі.  Ол 1995 жылдың қазан айында Ұлттық мереке болып жарияланды. 2009 жылдан бері тойланбады. Алайда, 2022 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен оған ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Қиындықтар мен өзгерістерге толы қазіргі әлемде Республика күні ерекше маңызға ие болып отыр. Ол тәуелсіздік тек саяси мәртебе ғана емес, әр азаматтың өз елінің болашағы үшін жауапкершілігі екенін еске салады.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ ШАҺАРДА АТАЛЫП ӨТТІ

19 қазан күні Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай Тараз қаласының орталық алаңында Жамбыл облысының құтқарушыларына жаңа автомобильдердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек, Жамбыл облысы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН ЕСІРТКІНІҢ ҮЛКЕН ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, Байзақ ауданында 28 жастағы тұрғынды есірткі заттарын сату мақсатында дайындап, сақтады деген күдікпен ұстады.

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты.Облыс әкімі алдымен Қарасаз ауылына ат басын бұрып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Мұнда жұмыстар жоспарға сәйкес жүруде. Келер жылы балалар игілігіне берілмек.