23 Апр 2025, Ср

2024

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына жұмыс сапары аясында аудан тұрғындармен кездесті. Жуалылықтар алдында  аймақ басшысы өңір бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтса, аудан әкімі атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, жауаптылар тарапынан нақты жауап берілді. Бұдан соң аймақ басшысы аудандағы бірқатар нысанға ат басын бұрып, ахуалымен танысты.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЗАҚҚА ҚАЙТАРҒАН КІМ?

Қазақ қоғамында қазір ұлттық құндылықтар маңызды ма? Әрине, патриот жастар қазақ мәдениетінің орны әрқашанда жоғары екендігін айтуын айтады.Бірақ дәлелсіз. Өйткені бүгінгі күні дәстүрлі әншілер көбіне той томалақта жүр. Ал, бәз біреулер қазақтың ұлттық биі жоқ деп бөседі. Бұның себебін сан саққа жүгіртсек болады. Бірақ, өткен ғасырда ұлт қайраткерлері ұлттық мәдениетті қалай төрге оздырды? Өлгенін тірілтті?  Өзбекәлі Жәнібеков, Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаровтардың мәдени майданын қазіргі жастар біле ме? Білмеуі бек мүмкін. Сондықтан жазушы Санжар Керімбай Таразда «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының тұсаукесерін жасады. Толығырақ мазмұнды жиыннан тілшіміз тарқатады.

СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Алматыдағы жер сілкінісі бүтін бір елді алаңдатып қойды. Жамбыл облысында жиі тіркелмесе де, тұрғындар сақтықта қорлық жоқ екендігін біледі. Дәл осы мақсатта сейсмикалық жаттығу жиындары жиі өткізіоіп тұрады. Бүгін Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері қаладағы № 13 балабақшаға барып, жиын өткізді. ТЖ басқармасында сейсмо жаттығулар жылына 4 рет өткізіліп тұрады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ФОРУМ ӨТТІ

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстанның жас белсенді сайлаушылар» атты облыстық студенттік форумы өтті.Форумға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және сайлау комиссиясының мүшелері, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары және саяси партиялардың облыстағы филиалдарының өкілдері, аймақтық сайлау комиссияларының төрағалары, аккредиттелген үкіметтік емес ұйым өкілдері, өңірдің ең белсенді жастары қатысты.

ТАРАЗДА ОЙЫН КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Кәсіпкерлік ел дамуының басты локомативы. Сондықтан мемлекетіміз шағын орта бизнес субьектілерін дамытуға, жалпы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге күш салуда. Тараз қаласында да кәсіпкерлер тың жобаларды қолға алуда. Мәселен, күні кеше шаһарда жастарға арналған су жаңа ойын клубы ашылды. Ашылу салтанатына барып қайтқан әріптесім Мағжан Орынбасардың материалы.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ОТЫРЫСЫ

Күні кеше Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 12 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде  «Тараз қаласындағы митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы»  2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған шешімге енгізілетін өзгеріс туралы қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Смәтілдаева  баяндама жасады. Аталған шешімнің 3-қосымшасында пикеттеуге тыйым салынатын нысандардың іргелес аумағы  150 метр болса, енгізілген өзгеріске сәйкес 800 метрге өзгерді. Жиын қатысушылары баяндамашыға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарды ала алды. Босқосу соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Басқосуда алқаптарға кіретін орталық жолға жаяу жүргіншілер өткелін, жол белгілерін орнату, қоғамдық көліктің қатынауына қатысты мәселелер көтерілді. Кездесуге қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары және қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.

ТАРАЗДА ЖҮРЕККЕ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Соңғы жылдары жүрек ауруына шалдыққандар қатары көбейіп барады. Статистика мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 18 миллионға жуық адам жүрек ауруынан қайтыс болады екен. Ертеректе бұл сырқат ересек адамдар да ғана кездессе, қазір дерттің жастар арасында да артып бара жатқаны, тіпті сәбилерде туа бітті жүрек ақауымен туылып жатқан жағдайлар жиілеп кетті. Алайда, дерт болғанмен оның емі де табылады. Мәселен, Жамбыл облысына түгел таныс болған облыстық Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы 2007 жылдан бері жүрекке күрделі оталар жасап келеді. Тек оталар жасап қана қоймай, өзге елдермен тәжірибе алмасып келеді.

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТАТЫНДАР АРТУДА

Жеңіс күнінде пайдалануға берілген Тараз қаласындағы «Даңқ» залына келушілердің қарасы көп.  Мұнда барлығы 1 миллион 500 мыңнан аса фотосурет пен жүздеген шежірелі жәдігерлер жиынтығы топтастырылған. Отан үшін от кешкен батырлардың есімдерін өскелең ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында жасалған залға келушілер ерекше қызығушылық танытады екен.