Тараз қаласының Құмшағал тұрғын алқабында 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы өз есігін айқара ашты. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа нысанның жұмысымен танысып, балалардың өнері мен қолөнер бұйымдарын тамашалады.
Бүгін Таразда «Қазфосфат» ЖШС табысты жұмысының 25 жылдығына арналған ауқымды салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға компания өкілдері, серіктестер, сала ардагерлері және құрметті қонақтар қатысты. Сондай-ақ салтанатты шараға арнайы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров те ат басын бұрды.
Күні кеше Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен маңызды кездесу өткізді.Аталмыш жиын барысында азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері талқыланып аймақтың әлеуметтік –экономикалық және рухани өркендеуіне үлес қосып жүрген ұйымдардың жұмысына жоғары баға берілді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Оңтүстік аймақтық қолбасшылығында әскери қызметшілердің балалары үшін жаңа жылдық шырша өтті. әскери қызметшілер өз балаларына жаңа жылдық көңіл күй сыйлай алды. Мерекелік атмосферада балалар ертегі кейіпкерлерінің қойылымдарына куә болды .
Шымкент қаласында бес аудан әкімдікте жекелей жаңа жылдық мерекені тойлауда. Бүгінде Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен болған салтанатты жиын оқушылар сарайында өтті.
Шымкент қаласында қазақтың көрнекті ақыны, драматург Иран-Ғайыптың төрт томдық «Ғайыпнама» шығармалар жинағының таныстырылымы өтті. Бұл әдеби шараны Шымкент қаласының әкімдігі мен мәдениет басқармасы, сондай-ақ «Жеті Жарғы» және «Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Шымкент қаласының туризмін дамытуға бағытталған маркетингтік іс-шаралар ауқымды нәтижелер көрсетіп, халықаралық деңгейде танымалдылыққа жол ашуда. 25-26 маусымда Қытайдың Үрімші қаласында өткен «Қытай – Қазақстан аумақтық байланыс» III форумында Шымкенттің гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды.
Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жылдық қорытынды жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Шара барысында ТЖД қызметкерлері атқарылған жұмыстар, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары және алдағы жоспарлар туралы баяндады.