В соответствии с законом «О государственной службе Республики Казахстан» государственная служба основывается на принципах правовой и социальной защиты государственных служащих. Госслужащие имеют право на охрану труда, здоровья, необходимые для безопасной и эффективной работы условия труда, а также на социальную и правовую защиту. Подробнее об этом законе узнаете в нашем сюжете!
Қарулы Күштерде ең маңызды міндеттердің бірі — тәртіпті қамтамасыз ету және армия қатарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қазақстан армиясында құқық бұзушылықтардың алдын алу тек құқық бұзушылықтар үшін жазаларды қатаң қолданумен шектелмейді, сонымен қатар жеке құраммен белсенді жұмыс жүргізуді, сарбаздарды достық, құрмет және өзара көмек рухында тәрбиелеуді қамтиды.
Жаңа Қазақстан әлемдік сұраныстарға жауап бере алатын білімді, білікті адам капиталын қалыптастыруда. Осы бағытта Жамбыл облысындағы «Өрлеу» кәсіби даму институты өңір педагогтерінің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналып отыр. Мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру аясында, өңірдегі білім сапасын арттыру бағытында педагогтердің кәсіби, құқықтық, ақпараттық, коммуникативтік және басқарушылық қызметтерін дамытуда институт ұжымының еңбегі ерекше. Осы орайда, институттың профессорлық-оқытушылық құрамына үлкен құрмет көрсетіліп марапаттау рәсімі өткізілді .Толығырақ алдағы сюжетте.
Бүгін Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің бірлескен қорытынды отырысы өтті. Жиында қоғамның өзекті мәселелері талқыланып, тұрақтылық пен бірлікті сақтау жолында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.Толығырақ алдағы сюжетте.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.Департаментпен қабылданған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 483 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.
Ағымдағы жылдың 9-10 желтоқсан күндері мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында ҚР ұлттық қауіпміздік комитеті шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің офицерлік құрамы үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына арналған жиын өтті.
Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында науқастарға арналған мектеп ашылды. Оның мақсаты – адамды есінен айырып, өзіне тәуелді қылатын түрлі психотропты заттарға уланған жандарға психологиялық көмек көрсету.
Шымкентте «Таза Қазақстан»республикалық бағдарламасы аясында жалпы қалалық экологиялық акция өтті. Ауқымды іс-шараның мақсаты – аумақтарды тазарту ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының назарын қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне аудару.
Шымкентте жастарға арналған мүмкіндіктер талқыланды. Кездесудің негізгі мақсаты – цифрландыру мен инновация бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру.
ҚР-ның тәуелсіздік күніне және мүсінші Аманат Назарқұлдың 65 жылдың мерейтойына орай «Ұлы түрік шыңы» атты көрме өтті. Аталмыш шараның мақсаты-тарихи оқиғаларды суреттеу.