22 Апр 2025, Вт

Декабрь 2024

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Бұл жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы бойынша есеп беріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында Тәуелсіздік күніне орай үш жаңа өндіріс орнының ашылуы өңір экономикасына қосылған маңызды үлес болып табылады. Салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобалардың маңыздылығын атап өтті.

ШЫМКЕНТТЕ 1 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСА АЛИМЕНТ БЕРЕШЕГІ ӨНДІРІЛГЕН

Шымкент қаласында 531 борышкер алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, 212 адам қамауға алыныпты.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова айтты.

ШЫМКЕНТТЕ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті. Іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Аналар» мектебінің ашылуымен бастау алды.

«АЛМАУЫТ» ЖӘНЕ «УАҚЫТ БАҒАНЫ» АТТЫ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР білім беру ісінің үздігі Нұрғали Рақайдың «Алмауыт» және «Уақыт бағаны» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «КҮМІС ЖАС» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

«Күміс жас» бағдарламасы елімізде зейнеткерлікке дейінгі жастағы азаматтарды еңбек нарығында қолдау арқылы олардың кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану үшін іске қосылған. Жоба аясында жұмыс берушілер 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа тартады, олардың айлық жалақысы мемлекеттен субсидияланады.

56 ШАҒЫН АУДАН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН

Биыл Шымкент қаласының ауызсу жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.