Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Бұл жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзіне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы бойынша есеп беріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.
Шымкент қаласында Тәуелсіздік күніне орай үш жаңа өндіріс орнының ашылуы өңір экономикасына қосылған маңызды үлес болып табылады. Салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Шымкент қаласында 531 борышкер алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, 212 адам қамауға алыныпты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова айтты.
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті. Іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Аналар» мектебінің ашылуымен бастау алды.
Әлеуметтік желі алаяқтардың қаруына айналды. Иә, бүгінде ғаламтордан оқырмандар түрлі ақпараттармен қанығады. Ал оның бірі рас болса, енді бірі жалған ақпарат.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР білім беру ісінің үздігі Нұрғали Рақайдың «Алмауыт» және «Уақыт бағаны» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
«Күміс жас» бағдарламасы елімізде зейнеткерлікке дейінгі жастағы азаматтарды еңбек нарығында қолдау арқылы олардың кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану үшін іске қосылған. Жоба аясында жұмыс берушілер 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа тартады, олардың айлық жалақысы мемлекеттен субсидияланады.
Биыл Шымкент қаласының ауызсу жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәртіпті өзіңнен баста» атты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық қорытынды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту арқылы қауіпсіздік деңгейін арттыру.