Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Мәртебелі поэзия мінберінің» төрінде «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерінің шығармашылығы насихатталды.
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Бизнес-омбудсмен қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесіп, өңірдегі іскерлік ахуалды жақсартудың өзекті мәселелерін талқылады.
Шымкентте ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен толықметражды «Таңдау» фильмінің тұсаукесері өтті.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 51 жастағы аудан тұрғынын ұстады.
Меркілік белгілі сазгер Шәбден Омаралиевтің туғанына 75 жыл толуына орай, «Ән ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.Аталмыш мерейтойға аудан әкімі де арнайы қатысты.толығырақ әріптесім тарқатсын.
Қордай ауданында қыз баланың тәрбиесіне арналған маңызды шара өтті. Аталмыш жиынға ауландық білім бөлімінің басшысыда арнайы қатысты.. «Қызым — үйде, қылығы — түзде» тақырыбындағы аудандық ток-шоуға жоғары сынып оқушылары мен түрлі сала мамандары қатысты. Ұлт болашағының жарқын болуын мақсат тұтқан бастама жайлы Толығырақ әріптесім Фархат Қаумен тарқатсын.
Бүгін облыс әкімдігінің бас ғимаратында Е.Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін қала мен ауылдарды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстардың барысы қаралды.
3 желтоқсанда бүкіл әлемде Мүгедектер күні атап өтіледі. Егемендік алғалы бері елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға толық интеграциялануы жөніндегі саясат жүзеге асырылуда. Мүгедектер күні –мүгедектігі бар адамдарға құрмет пен қолдау көрсетуге, қоғамда азаматтардың тең екенін және оны есте сақтау керектігін білдіреді.