11 Май 2025, Вс

Ноябрь 2024

ТАРАЗДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Республика күні шаһарда бар сән  салтанатпен аталып өтілді. Мерекеге орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай қаланың дамуына үлес қосып жүрген білікті мамандарды құттықтап, олардың ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдіріп, сала үздіктерін арнайы төсбелгілермен марапаттады.

ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Республика күні өңірде бар сән салтанатымен аталып өтілуде. Дәл осы ел үшін маңызды мерекеде Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Жаңаөткел ауылында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді.

ҚОҢЫРТӨБЕ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Қоңыртөбе ауылында жаңа медициналық пункт бой көтерді. Республика күніне орай Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қоңыртөбе медициналық пункті  ел игілігіне берілді. Бой көтерген жаңа нысан ауылдағы 225 тұрғынға қызмет етеді.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ОТАНЫМ-БАҚЫТ ОРДАСЫ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

25 қазан республика күні. Ел үшін маңызды күн өңірде бар сән салтанатымен өтуде. Мәселен бүгін Ш.Мұртаза атындағы халықаралық тараз инновациялық институтында «Отаным-бақыт ордасы» атты жиын өтті. Мерекелік шарадан толығырақ тілші материалы.

ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ АҚЫНЫ С.СЕЙФУЛЛИННІҢ ТУҒАНЫНА 130 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Биыл Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллин ге 130 жыл толып отыр.

НОҒАЙБАЙ БИДІҢ ТУҒАНЫНА 190 ЖЫЛ

Ноғайбай Дәулетбайұлы – қазақ халқының тарихында ерекше орын алған би, шешен әрі батыр. Ол қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келіп, өмірінің соңына дейін туған жерінің саяси және қоғамдық өмірінде белсенді рөл атқарған азамат.