12 Май 2025, Пн

Ноябрь 2024

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Жамбыл облысы ауыл әкімдерінің форумы өтті. Форумның басты мақсаты «AMANAT» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін, партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылау болып табылады. Сондай-ақ, мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді  бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу басқосудағы мақсат болды.

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАЙДЫ МА?

Тараздықтар қоғамдық көліктердің жұмысына шағымдануда! Тұрғындардың айтуынша автобус жүргізушілері жол ережесін ұмытып кеткен сияқты. Дөрекілік, ашуланшақтық, қауіпті көлік басқару– мұның бәрі үйреншікті жағдайға айналды. Қалада қандай маршруттар халық ойынан шықпайды? Қоғамдық тәртіпті орнату үшін Әулие ата транспасс басшылығы нендей жұмысты атқаруда? Толығырақ тілші материалы.

ТАРАЗ ГАРНИЗОНЫНДА БАЙЛАНЫС ПОЛКІНІҢ МЕРЗІМДІ ҚЫЗМЕТ САРБАЗДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ

Тараз гарнизонында байланыс полкінің мерзімді қызмет сарбаздарының қызмет ету мерзімі аяқталды. Іс-шара сарбаздарды құрметтеу және оларға естелік сыйлықтар мен грамоталар тапсыру түрінде өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде қалыптасқан әскери дәстүр бойынша қызмет өткерген сарбаздарды әрдайым құрметпен шығарып салады.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН С.ЖОШЫБАЕВ МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күніне орай мемлекетке еңбегі сіңген кардиохирург Сейітхан  Жошыбаев Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлынан  марапат  алды. Еңбегі еленген тұлға жайлы толығырақ әріптесім тарқатсын.

ӨҢІРДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында өңір басшысы Е.Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиында Облыстың 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және бюджеттің атқарылу мәселесі көтерілді.

МЕРКІ АУДАНЫНДА 400-ДЕН АСТАМ СТУДЕНТ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНА ҚАРСЫ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Жамбыл облысында полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес бойынша тоқтаусыз ауқымды жұмыстар жүргізуде, ол тек дәрістер мен семинарлармен ғана шектелмейді. Студенттер мен оқушылар түрлі спорттық жарыстарға қатысып, бұқаралық спортқа атсалысуда.

ШУ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Республика күні – халықтың  рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке. Президентіміздің бастамасымен кейінгі жылдары ұлттық мерекелер тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Дәл осы айшықты мерекені Шу ауданы да атап өтті.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰЛЫ ТҮРІК ШЫҢЫ» АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Республика күніне орай елімізге танымал мүсінші, академик Аманат Назарқұлдың «Ұлы түрік шыңы» атты сурет көрмесі өтті. Толығырақ көрмеге қатысып қайтқан әріптесім Фархат Қаумен тарқатсын.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ

Еліміз үшін айшықты мереке республика күніне орай іс-шаралар легі жалғасын тапты. Кезекті шараны мерекеге орай салтанатты түрде мемлекеттік ту көтеру рәсімі жалғады. Бұл күні  шараға арнайы қала тұрғындары мен ардагерлер, жастар және қоғам қайраткерлері жиналды.