28 Май 2025, Ср 9:59:20 AM

Апрель 2024

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН БАСШЫСЫНА ҚАТАҢ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ

Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелерден бөлек, аймақ басшысы Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылындағы жағдайға назар аударды. Облыс әкімі жұмыстары жүйесіз, төтенше жағдайларға дайындығы жоқ аудан басшысына қатаң сөгіс жариялады .Ауылдың картасын дер кезінде жеткізбеген, қажетті техникалар уақытында келмеген, арық-каналдар тазаланбаған, тау бөктерінен келетін судардың деңгейі бақылауға алынбаған. Қаз-қатар мәселелердің басы-қасында болып қайтқан Ербол Шырақпайұлы аталған ауыл әкіміне де сөгіс жариялап, тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.Толығырақ сюжеттен көріңіз!

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СУ ҚОЙМАЛАРЫ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ТОЛДЫ?

Әлеуметтік желідегі ақпарлар легіне назар аударсақ кешегі күнге дейін су тасқыны басталғалы бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылды және эвакуацияланыпты. Тартылған әуе кемелерімен 3 575  адам, оның ішінде 1 157  бала құтқарылды. 11 950 адам үйлеріне оралды.  Өз кезегінде елдегі әр өңір «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» -деп қол ұштарын созуда. Ал біздің өңірдегі ахуал қалай? Жамбыл облысында су қоймалары қанша пайызға толды? Табиғи апат бізге төніп тұрған жоқ па? Тахмина Тәліпжан тарқатады.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР СПОРТТА ДА БЕЛСЕНДІ

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың рухын қайрап, жігерін шыңдайтын, спортпен үздіксіз айналысып, тіпті чемпион болуға мүмкіндік беретін клуб бар және ол «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» деп аталады. Мұнда 15 спорт түрінен 441 спортшы жаттығады.Тағдырдың қатал сынына мойымай, мұқалмай, керісінше, қайраттана түсіп, спорт саласында жеңіске жетем, жетсем деп жүрген жандардың тыныс-тіршілігі жайлы алдағы бейнематериалда.

ҮШАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Үшарал ауылдық округінің әкімі Самат Ақпанбетов ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалы және жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту, қайырымдылық, мал шаруашылығын дамыту сонымен қатар, ветеринариялық жұмыстар, кәсіпкерлік саласы, «Ауыл аманаты» жобасы, канал мен арықтарды тазалау жұмыстары, ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту, көлік қатынасы және көше жолдары бойынша, суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу тұрғындардың тұрмыс жағдайын арттыру мақсатында инвестициялық жобалар мен мемлекеттік қолдау шараларын бойынша баяндама жасады.

СУРДО ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 12-14 сәуір аралығында Түркістан қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан ел тарихында тұңғыш рет Әлем чемпионаты өтті. Бүгін өңір намысын қорғаған чемпиондар өңірге оралды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

70 – ЛЕТНИЙ ЮБИЛЕЙ БАГДАТ САМЕДИНОВОЙ

В центральном концертном зале  «Баласағұн» при поддержке акима Жамбылской области прошел  праздничный концерт , посвященный 70 летию заслуженной артистки Казахстана,  обладательницы медали  «Ерен еңбегі үшін» , орденов  «Құрмет»  и  «Парасат»  Багдат Самединовой, а также 50 летию ее творческого пути. « Я – дочь степей..» под таким названием состоялся концерт , любимой нарордом певицы.

В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЕЛ ФЕСТИВАЛЬ ПО РОБОТОТЕХНИКЕ СРЕДИ ШКОЛЬНИКОВ

В  рамках популяризации робототехники и научно-технического творчества среди детей 1-11 классов,  в апреле-мае  пройдут областные этапы открытого международного фестиваля по робототехнике и программированию R:ED Fest. В  соревнованиях примут участие более 1 тысячи учеников из  360 школ. Подробнее в материале.

ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ СУББОТНИКИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ

 В ближайшем будущем Тараз вернет себе звание «Зеленого города». В этом активно участвуют городские учреждения и таразцы. Так, утвержденным постановлением акима города еженедельно проводиться субботник. В них участвуют и наши корреспонденты.