10 Май 2025, Сб 10:00:21 PM

Февраль 2024

АВТОБУСЫ ДЛЯ ШКОЛЬНИКОВ

Сегодня в торжественной обстановке областным управлением образования была организована церемония вручения ключей от 14 новых автобусов для перевозки школьников . Ключи от новых автобусов для детей вручил аким области Ербол Карашукеев.

МАЛООБЕСПЕЧЕННЫМ СЕМЬЯМ ОКАЗАНА БЛАГОТВОРИТЕЛЬНАЯ ПОМОЩЬ

Сегодня на площадке Региональной службы коммуникаций аким Аухаттинского сельского округа Кордайского района выступил с докладом о показателях данного округа.  В его  состав  входят 3 села. Это села Аукатты, Кызылсай, Байтерек. Общая численность населения сельского округа – 9022 человека, количество дворов – 1388.

«ҰЛТТЫҚ ҚОР- БАЛАЛАРҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА?

«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» -на алғашқы нысаналы талаптар  есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар түсті. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны — 6 919 131. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады. Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді. Бұл жөнінде баспасөз брифингінде біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері айтты.

ОҚУШЫЛАРҒА «САРЫ» АВТОБУСТАР

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған  14 жаңа автобустың кілтін табыстау рәсімі өтті. Балалар игілігіне беріліп жатқан жаңа автобустардың кілтін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев табыстады.

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қордай ауданына қарасты Ауқатты ауылдық округінің әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша баяндама жасады. Бүгінде Ауқатты ауылдық округінің құрамына 3 елді мекен кіреді. Олар Ауқатты, Қызылсай, Бәйтерек ауылдары. Ауылдық округ бойынша жалпы халық саны 9022 адам, ал аула саны 1388-ді құрайды. Толығырақ алдағы сюжетте!

ЖОЛДА ҚАУІПСІЗДІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Ақпанның аяғына жетсек те, қыстың қаһары әлі таусылар емес. Суық ауа райы еліміздің біраз аумағында тіркеліп отыр. Қарлы боран соғып, жолда жүрген жүргізушілер әбігерге түскен. Бұл жағдай республикалық маңызы бар жолдарда ғана емес, облыстардағы аудан мен ауылдарды байланыстыратын жолдарда орын алып отыр.

«КИБЕРПОЛ» ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жамбыл облысында цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрес бойынша «Киберпол» арнайы тобының жедел желісі іске қосылды. Енді сіз 8-7262-99-74-56 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрай аласыз.  Тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер алаяқтардың құрбандары болған адамдарға қандай әрекеттер жасау керектігін толығымен түсіндіріп, екінші деңгейдегі банктермен байланысуға және шотты бұғаттауға көмектеседі. Хабарласқан азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрлері туралы да айтылатын болады. Бөлімнің цифрлық зертханасы қызметкерлерге бір мезгілде барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, қылмыстардың көпшілігі тауарлық және ақшалай несиелерді рәсімдеумен байланысты. Таяуда жедел уәкілдер 21 жастағы күдіктіні ұстады, ол 45 жастағы тұрғынға банктің мобильдік қосымшасы арқылы 800 000 теңге сомасына тұтынушылық несие ресімдеу арқылы қолма-қол ақша шығарып беруге уәде берген. Күдікті өз кінәсін толық  мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

: В ТАРАЗЕ БУДЕТ РЕАЛИЗОВАНО 9 ПРОЕКТОВ НА СУММУ 82,1 МЛРД ТЕНГЕ

Аким  Тараза подвел итоги прошедшего года и отчитался перед представителями СМИ.  Он рассказал о социально-экономическом развитии областного центра .  В   2023 году объем промышленного производства  составил 462,7 млрд. тенге.  В индустриальной зоне « Тараз» в 2024-2026 годах   будет реализовано 9 проектов частных инвесторов  на сумму 82,1 млрд тенге.  И это только часть планов.

АКИМ ОБЛАСТИ ОТЧИТАЛСЯ ПО РЕАЛИЗАЦИИ ПРЕДВЫБОРНОЙ ПРОГРАММЫ

Сегодня состоялось расширенное заседание депутатской фракции партии» AMANAT »  Жамбылского областного маслихата.На совещании аким области выступил с докладом по Дорожной карте  в рамках  реализации региональной предвыборной программы партии» AMANAT».