Повышение качества связи в населенных пунктах Жамбылской области и обеспечение высокоскоростной сетью интернет — одна из важнейших задач, поставленных областным управлением цифровых технологий. О проводимой работе по созданию максимально комфортных условий для населения, а также о возможном охвате населения региона доступным интернетом смотрите в следующем материале.
2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Бұл Президенттің тапсырмасы. Осы орайда өңір-өңірлерде жергілікті жұртты ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жамбыл облысында да бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Мәселен, Шу ауданында ауыз су мәселесі түбегейлі шешілетін күн жақын. Салаға жауапты «Ауыз су -Шу» мекемесімен жыл ішінде жүйелі жұмыстар жүргізілгенін байқауға болады. Оның үстіне былтырғы шіледеде аталмыш мекемеге «Теміржол су -Шу» мекемесі қосылып, тұтынушылар толығымен жаңа кәсіпорын қызметіне көшкен.
Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде химия-технологиялық білім беру саласындағы көшбасшы Менделеев атындағы Ресей Химия-Технологиялық Университетінің өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Орынбеков, Ресей Химия-Технологиялық Университетінің өкілдері қатысты.
Жануарлар дүниесі– экологияның маңызды бір саласы. Сондықтан, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану экологияны дамытуда үлкен рөл атқарады. Соның ішінде, балық шаруашылығы жан-жануарлар әлемінің айнымас бір бөлігі болып табылады. Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экологиялық қана емес, экономикалық дамуында да бұл саланың үлесі зор. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда.Толығырақ тілші материалында.
Соңғы жылдары өңірдегі мәдени, тарихи орындарды тамашалайтын туристердің саны артып келеді. Оның ішінде еліміздің өзге аймақтарынан бөлек, шетелдіктердің үлесі басым. Ал, облыстық тарихи-өлкетану музейінің аудандағы филиалдарымен санағанда жалпы музей қорында 68 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталған. Оның негізгілері тарихи, археологиялық коллекциялар, нумизматика, тарихи-тұрмыстық заттар қолжазбалар мен баспа құжаттар.
Жамбыл облысында елді мекендердегі байланыс сапасын арттыру және жоғары әрі жылдам интернет желісімен қамтамасыз ету- облыстық цифрлық технологиялар басқармасының алға қойған маңызды міндеттерінің бірі.Тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау, халықты мүмкіндігінше қолжетімді интернетпен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әріптесім баяндайды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір әлеуметтік және базалық көрсеткіштерге өзгерістер енгізілетіні туралы айтылған болатын. Соның бірі-ең төменгі жалақы мөлшері. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Республикада ең төменгі жалақының мөлшері 85 000 теңгені құрады. Бұл туралы баспасөз алаңында жауапты сала мамандары айтты.
Лудомания сейчас является одной из самых острых проблем в обществе. Ведь 40 процентов разводов в нашей стране происходят именно из-за этого негативного социального явления. Также из-за игромании ежегодно совершается более 30 тысяч преступлений. В целях профилактики и предупреждения подобных ситуация проводится немалый объем работы. В частности, пресечена деятельность 323 казино с большим денежным оборотом. Тем не менее, количество тех, кто подвержен азартным играм, приводящим как правило к долгам, не уменьшается. Поэтому в обществе проводится профилактическая работа с разъяснениями негативных последствий лудомании. В этой связи сегодня общественный деятель Жан Акжанов провел встречу с педагогической общественностью области на тему «Болезнь лудомании: проблемы и пути решения, профилактика».