М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Маркетинг және кәсіптік бағдарлау» басқармасының ұйымдастыруымен «Ата-ана- Мектеп – ЖОО» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға қала мектептерінің директорлары мен 11-сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Шу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылырының арасында аудан Әкімінің жаңа жылдық шыршасы болып өтті. Шыршаға ауданының оқушылары арасынан көпбалалы отбасынан шыққан және оқу озаты, үлгілі оқушыларынан таңдаулы 100-ден аса бала қатысты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Мүгедек жандар қоғамдық көлікте тегін қатынай ала ма? Демалыс орталығына тегін жолдама беріле ме? Неге оларға көрсетілетін медициналық көмек сапасыз? Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесуінде осындай сұрақтар көтерілді. Бұл жиындағылар тарапынан көтерілген сауалдардың бірқатары. Әкім сұрақтарға тіке жауап берді. Тайғанақтамады. Мәселен, қаладағы жұрт қоғамдық көлікке 85 теңге төлесе, оның үстіне 100 теңге билік төлейді. Бұл субсидия есебі. Нәтижесінде тараздықтар жеңілдетілген тарифпен қатынайды. Сондықтан көпбалалы аналардан басқа әлеуметтік топтағыларға жеңілдік қарастырылмайды. Толығырақ әкімнің кездесуінен тілші материалы.