20 Июн 2025, Пт 8:50:12 AM

2023

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

https://www.youtube.com/watch?v=IRVM96_EFo8

Жамбыл облысы мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «ӘУЛИЕАТА ЖАСТАРЫ» өңірлік бағдармсының іске асыру жөніңдегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиын өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев,Облыс әкімдігінің түрлі салаларынан және жастар ресурстар орталығының директорлары,қоғамдық қорлар  қатысты.

ӨҢІРДЕ СУҒА БАТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ АЗАЙҒАН

https://www.youtube.com/watch?v=0iD8WsUMlkM

Облыста суға шомылуға және демалуға арналған 12  ресми орын бар. Осы орайда  ТЖ департаменті Жамбыл облысы ПД-мен бірлесіп облыстың су айдындарында 1891 профилактикалық рейд және патрульдеу жүргізген. Нәтижесінде онда 40 мыңнан астам үгіт материалдары таратылған. Дегенмен, облыстың су айдындарында 5 адам суға батып кеткен, оның ішінде 2 бала бар. Суға бату жағдайларының саны 2021 жылмен салыстырғанда 1,4 есе азайыпты. Толығырақ тілші тарқатады. 

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

https://www.youtube.com/watch?v=nNDnuYkG9YE

Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы, ҚР –ы Премьер-Министрінің кеңесшісі Назипа Шанай жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында «Анаға тағзым» орталығына ат басын бұрып, жұмысымен танысты.

«КРЕЩЕНИЕ» КҮНІ СУҒА ТҮСКЕНДЕР ТӨТЕНШЕЛІКТЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛАДЫ

Қаңтар айының 19-на  қараған түні православтар Крещение Господне мерекесін тойлайды. Осыған байланысты суға түсуді жоспарларлағандар болса Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды ескертеді. Ал провославтық дін өкілі суға түсу дәстүр екенін айтып, оның міндеттелмегенін жеткізді.  Толығырақ сюжетте.

ШТРАФЫ ЗА ПОЖАРЫ

https://www.youtube.com/watch?v=1xhPuXhhraI

В прошлом году в отношении виновных лиц, допустивших пожары, наложены административные взыскания, из них сто шестьдесят одно денежные штрафы на общую сумму в 4 млн. 249 тыс. 912 тенге  и 599  в виде предупреждения. Кроме того, в регионе зафиксировано 14 случаев отравления токсичным газом, в результате которых 18 человек пострадали и 4 человека погибли. Подробнее об этом расскажем в следующем материале.

ПЛОВ ДЛЯ КОММУНАЛЬЩИКОВ

https://www.youtube.com/watch?v=npBesoGHV0Y

В эти поистине суровые морозные дни  именно коммунальные службы денно и ношно бдят на дорогах области, создавая своим нелегким трудом более менее сносные условия для жителей региона. Совет деловых женшин  решил провести благородную акцию – поддержать коммунальщиков  в это сложное время и угостить горячим обедом- вкуснейшим и ароматным пловом. Всего 170 чеолвек полакомились блюдом. В их числе были и наши  корреспонденты. 

ПАРТИЯ ЗЕЛЕНЫХ «BAYTAQ» НАЧАЛА СВОЮ РАБОТУ В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

Партия зеленых» Baytaq » начала свою  работу в Жамбылском регионе. Главной ее задачей  является восстановление экологии, обеспечение казахстанцев чистым воздухом,  безопасной окружающей среды и других социальных прав. Так как большинство  крупных предприятий базируется  в городе., первое заседание партии прошло в Таразе. 

«BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛДА ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«Baytaq» жасылдар партиясы Жамбыл өңірінде жұмыс істей бастады. Партияның басты міндеті – экологияны қалпына келтіру, Қазақстандықтарды таза ауамен қамтамасыз етіп, қауіпсіз қоршаған орта мен өзге де әлеуметтік құқықтарға жол ашу болып табылады. Облыста көптеген ірі кәсіпорындар орналасқандықтан, партияның алғашқы отырысы бүгін  шаһарда өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ӨРТКЕ КІНӘЛІ ТҰЛҒАЛАРҒА ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛҒАН

https://www.youtube.com/watch?v=fm9ljH2hAMg

Өткен жылы өртке жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты  әкімшілік жаза қолданылған. Оның ішінде 161 тұлғаға жалпы сомасы 4 млн. 249 мың 912 теңге айыппұл салынып, 599 тұлғаға ескерту беріліпті. Одан  басқа, облыс аумағында улы газбен уланудың 14 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 18 адам зардап шегіп , 4 адам қаза тапқан.Толығырақ сюжеттен көріңіз.

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КҮН СУЫҚТА ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТТЫ

https://www.youtube.com/watch?v=JfVh7IT3Ypc

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы аязға қарамастан, Тараз көшелерін қардан тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге алғысын білдіріп, ізгі көңілмен жан жылуын сыйлады. Қолына күрек ұстап жұмыс істеген адамның бойына түскі ас күш-қуат береді. Осыны ескеріп, кәсіпте жүрген нәзік жандар палау тарату науқанын өткізді.