10 Май 2025, Сб

2023

СТАРТОВАЛА ЛЕГАЛИЗАЦИЯ ИНОСТРАННЫХ АВТО

С 23 января в Казахстане стартовала легализация иностранных транспортных средств. С самого утра жителями области уже подано около 80 заявок на легализацию. 3 автомобиля уже полностью прошли весь процесс и получили регистрационный документ и государственные номерные знаки Республики Казахстан. Сколько денег вам понадобиться, для регистрации своего авто? И сколько времени уйдет на оформление расскажем в следующем материале.

НА ПОДДЕРЖКУ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА РЕГИОНА БУДЕТ ВЫДЕЛЕНО БОЛЕЕ 100 МЛРД ТЕНГЕ

В текущем году сельскохозяйственные культуры планируется разместить на 770 тысячи гектаров. Это на 14,7 тысячи гектаров больше прошлогоднего показателя. Об этом сообщили в ходе сегодняшнего брифинга.

 

ПЬЯНЫЙ ЗА РУЛЕМ

В целях снижения количества ДТП, а также профилактики нарушений ПДД на территории Жамбылской области проводится локальная отработка по выявлению нетрезвых водителей. 20 января текущего года на одной из улиц города Каратау сотрудниками патрульной полиции за нарушение ПДД была остановлена автомашина «BMW 750» под управлением 34-летнего местного жителя. В салоне автомобиля находились водитель и пассажир, от которых исходил запах алкоголя. Как показало медицинское освидетельствование, оба были в состоянии алкогольного опьянения легкой степени. Установлено, что нетрезвая владелица авто передала управление транспортного средства своему пьяному знакомому. За данное правонарушение 36-летняя   женщина привлечена к ответственности и подвергнута административному аресту на 15 суток. Вместе с тем, полицейскими выявлено, что 34-летний мужчина, находившийся за рулем автомашины, в феврале 2020 года решением суда был лишен права управления транспортным средством на 7 лет. В отношении правонарушителя начато досудебное расследование. Автотранспорт водворен на штрафную стоянку.

 

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕР ЗАҢДАСТЫРЫЛА БАСТАДЫ

23 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталды. Бір күннің ішінде 80-ге жуық өтініш келіп түсті,-дейді мамандар. Оның ішінде 3 автокөлік барлық қажетті тексерулерден толығымен өтіп, тіркеу құжатын және ҚР-ның мемлекеттік нөмірлік белгілерін алған. Жалпы көлігіңізді тіркеу үшін қанша қаржы керек? Оған қанша уақыт кетеді? Тілші тарқатсын.

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Енді аз уақытта дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталып, егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағытталады. Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 14,7 мың гектарға артады деп болжануда. Көктемгі егін жұмысына дайындық пен кәсіпкерлерді несиелендіру бағдарламалары жөнінде баспасөз алаңында кеңінен айтылды. Айқын ақпаратты сюжеттен көріңіз!

МАСАҢ КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН

Жамбылдық  полицейлер автокөлікті  басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні  ұстады. 20 қаңтар күні сағат 12:40 шамасында Қаратау қаласының орталық көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін  бұзғаны үшін  34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «BMW 750» автокөлігін тоқтатты. Көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушыдан ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес екеуінің де жеңіл дәреждегі мас күйде болғаны расталды. Көлік иесі әйел азаматша екені және ол басқаруды жанындағы мас танысына бергені анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін 36 жастағы әйел жауапқа тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері көлік басқарған 34 жастағы ер адамның  2020 жылдың ақпанында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге  айырылғандығын  анықтады. Құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып  тұрағына қойылды.

ПОКАЗАТЕЛИ РАЗОЧАРОВЫВАЮТ

Сегодня  руководитель управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области подвел итоги работы за минувший 2022 год.   Несмотря на то, что намеченные рубежи в отрасли преодолены, есть еще слабые места и неустойчивые показатели. А некоторые руководители отделов районах не сильно утруждают себя , отсюда и слабые  результаты в  работе.  Были проанализированы и другие направления деятельности данной сферы.  Подробнее в материале.

ЗАЩИТА ПРАВ ЧЕЛОВЕКА В ПРИОРИТЕТЕ!

5 ноября 2022 года главой государства подписан Конституционный закон «Об уполномоченном по правам человека в РК». Об этом законе в ходе сегодняшнего брифинга подробнее рассказал представитель Уполномоченного по правам человека в РК по Жамбылской области Берикбол Байхожаев.

КӨРСЕТКІШ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

Бүгін облыстың бас ғимаратының мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігінің  Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Саладағы белгіленген меже еңсерілгенімен, ақсап тұрған тұсы мен  жылжымайтын көрсеткіштер әлі бар. Ал кейбір ауданның бөлім басшылары берілген тапсырмаға атүсті қарайтын көрінеді. Салдарынан жұмыс нәтижелері көңіл көншітпек емес. Бұдан бөлек саланың басқа бағыттары да сараланды. Толығырақ тілші материалында.