6 Июн 2025, Пт

2023

АСЫРАУШЫ САЛАНЫ ДАМЫТУҒА 81 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Биылғы жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға — 81,0 млрд. теңге теңге бөлініп, бүгінгі күні 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Жыл басынан бері салада 498,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, оның ішінде егін шаруашылығында — 317,9 млрд. теңгенің, мал шаруашылығында — 180,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы баспасөз алаңында басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мұқашев айтты.

БИЫЛ 3 929 ПӘТЕРЛІ 74 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2023 жылы тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде құны              15,4 млрд.теңгеге 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал және көпьбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында ағымдағы жылға 797 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 7,6 млрд.теңге қаржы бөлініпті. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы баспасөз брифингінде баяндады.

ЖАМБЫЛДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 12 МЕКТЕП САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді, оның шеңберінде 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыға арналған, жаңа форматтағы 369 мектеп салынбақ. Ал Жамбыл облысында 12 мектеп салу жоспарлануда. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ТАРАЗДА 260-ҚА ЖУЫҚ ГРАФФИТИ ЖАЗУЛАРЫ ӨШІРІЛДІ

Нашақорлық фактісі уақыт өткен сайын артып, заңсыз сауда етек жайып келеді. Осы орайда құқық қорғау органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде есірткі сататындар ұсталып жатса да, әлі күнге бұл кесапат тыйылар емес. Ендігі уақытта бұл жұмысқа еріктілер де үлес қосуда. Мәселен, күні кеше “Жастар ресурстық орталығы”  мен Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Тараз-қауіпсіз қала!” жобасы аясында қала көшелері мен көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларындағы граффити жазуларын өшірді.

СОСТОЯЛАСЬ МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ

Значительный вклад в развитие государственного языка вносит и переводческая сфера. Для этого в сфере языкознания всесторонне исследуется проблема перевода, и по этому поводу делается множество теорий и выводов. Так, в Международном Таразском инновационном институте им.Шерхана Муртазы прошла международная научно-практическая конференция «Актуальные проблемы переводоведения в эпоху Нового Казахстана: история, теория, становление и развитие». На совещании специалисты данной сферы выступили с 10 докладами и обсудили широкий круг соответствующих вопросов.

В АУЛЕ ШЫГАНАК ОТКРЫЛАСЬ НОВАЯ МЕЧЕТЬ

Мечеть — это место, где можно получить знания, которые помогают углубить понимание религиозных ценностей и принципов. Учитывая это, в регионе открываются новые мусульманские храмы. В Сарысуском районе насчитывается 17 мечетей. Очередная мечеть распахнула свои двери в селе Шыганак Камкалинского сельского округа. Участие в мероприятии приняли  приглашенные  гости и местные жители.

ПАМЯТЬ О ТОЛЕ БИ БУДЕТ ЖИТЬ

Знать историю – важно. В этом году страна отмечает 360-летие со дня рождения выдающегося общественного деятеля, бия Старшего жуза, одного из авторов свода законов «Жеты жаргы» Толе би Алибекулы. 30 лет назад по инициативе жителей Шуского района, административному центру было присвоено имя Толе би, по случаю чего были организованы народные гуляния. В тот же год был ему установлен и  памятник. В честь даты в районе прошло праздничное мероприятие.

В ТАРАЗЕ ОТМЕТИЛИ ДЕНЬ РАБОТНИКОВ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

В Таразе на центральной площади состоялись торжества, посвященные Дню работников сельского хозяйства, пищевой и перерабатывающей промышленности. Благодаря созидательному и неустанному труду аграриев сельское хозяйство не только сохраняет устойчивый рост производства, но и служит основой благополучия и процветания страны и региона, — сказал аким области на мероприятии.

БЕЗОПАСНОСТЬ ДЕТЕЙ-ЗАДАЧА ОБЩЕСТВА

По инициативе областного управления образования и Консультативного совета при прокуратуре Жамбылской области состоялся открытый форум на тему «Безопасность детей – задача общества». В мероприятии также принял участие аким Жамбылской области ЕрБол Карашукеев.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Тіліміздің өркен жаюына аударма саласы да айтарлықтай үлес қосады. Сол үшін тіл ғылымы саласында аударма мәселесі жан-жақты зерттеліп, бұл туралы көптеген теориялар мен тұжырымдар жасалуда. Мәселен,  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтында «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» атты халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференцияс өтті. Жиында аталған сала майталмандары  10 баяндама жасап, тілі саласындағы ауқымды тораптың толғақты түйінін тарқата айтты.